Қостанай облысында Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны кремний карбидін шығаратын зауыт салмақ

Жарияланды
Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорнын салу 2019 жылдан бері жоспарланып келеді / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қостанай облысындағы Лисаков қаласында Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорын кремний карбидін шығаратын зауыт салады. Бұл туралы Қостайнай өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Лисаков қаласының әкімі Абай Ибраев мәлім етті.

«Бобровский кварцит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп жылына 34 мың тонна кремний карбидін шығаратын зауыт ашу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 34,1 млрд теңгені құрайды», -деді Абай Ибраев.

Оның айтуынша, қалада «Qazaqstan ElectroMineral Kompani» ЖШС кәсіпорны тіркеліп, жоба аймақтық кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген. Жер телімі бөлінген. Жоба бойынша жұмыс кестесі әзірленді. Қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Сонымен қатар қойма үй-жайларын жобалау жұмыстары басталды.

«Нысан 2027 жылы пайдалануға беріледі», – деп түйіндеді қала әкімі.

Айта кетітіні, Лисаков қаласында кремний карбидін шығаратын зауыт салу 2019 жылдан бері жоспарланып келеді. Бастамашы инвестор – Қазақстан мен Ресей шекарасында орналасқан ресейлік «Бобровский кварцит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 2019 жылы 11 желтоқсанда мәслихат депутаттарының қатысуымен компания мен Лисаков әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Алайда жоба араға 5 жыл салып іске асырылмақ.

ТМД аумағында кремний карбидін жалғыз Волга авбра­зив зауыты ғана өндіреді.

Бұған дейін қытайлық компания Қостанайда құны 50 млрд болатын бидай өңдейтін зауыт салатынын хабалған еді.

Сондай-ақ оқыңыз