Қазақстан қант өндірісін 300 мың тоннаға ұлғайтып, импорт көлемін 10%-ға азайтуды көздеп отыр

Жарияланды
Евразийская комиссия одобрила предложение Казахстана на беспошлинный импорт сахара
Қазақстан қант саласында импорт көлемін 10%-ға азайтуды көздеп отыр /kursiv.media

Қазіргі уақытта қант өндіру саласында импорт көлемін азайту – өзекті мәселе. Ауыл шаруашылығы министрлігі Жамбыл мен Павлодар облыстарында қосымша 2 зауыт салу жобасы талқыланып жатқанын хабарлады.

Импортқа тәуелділік мәселесін шешу мақсатында мемлекет бірқатар шара қабылдаған. 2023 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидиялар нормативтері ұлғайтылды. Кәсіпорындарға 300 мың тонна көлемінде құрақ шикізатын бажсыз әкелуге квоталар берілді. Құрақ қантын өндірген кезде қосымша құн салығы 70%-ға дейін азайтылды. Құрақ шикізатын импорттаған кезде ҚҚС-тан босату қарастырылды.

«Аталған шараларды іске асыру отандық қант өндірісін қосымша 300 мың тоннаға ұлғайтуға және импортқа  тәуелділікті шамамен 10% -ға төмендетуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков.

Наурыз айында елімізде 276 тонна тазартылған қант пен химиялық таза сахароза өндірілді. Бірінші кредитік бюро ақпараты бойынша бұл көрсеткіш 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда 56 есе немесе 98,2%-ға төмен.

Есесіне импорт бір жылда 2,6%-ға ғана өсіп, 96,6 мың тоннаны құрады. Қазақстан халқының жыл сайынғы қажеттілігі 500 мың тонна шамасында. Оның 150 мың тоннасын өндірістік кәсіпорындар пайдаланады. Қалған 350 мың тоннасын тұрғындар тұтынады. Осы көлемнің жартысы – импортқа тисілі. 2023 жылы елге 290 мың тонна қант импортталды. Оның 200 мың тоннасы, яғни 70%-ы Ресейден әкелінді. Қалғаны Беларусь, Бразилия, Мексикадан жеткізілген.

Сондай-ақ оқыңыз