«30 мың тұрғыны бар елдімекендерге қауіп төніп тұр»: Алматы облысының Түрген өзені маңында сел жүруі мүмкін

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің аға тілшісі
30 мыңнан астам адам тұратын елдімекендерге қауіп төніп тұр / Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысындағы Түрген өзені бассейнінде сел жүру қауіпі барын ескертті. Қауіпті аймақта 30 мыңнан астам адам тұратын Тау-Түрген, Түрген, Қаракемер, Балтабай елдімекендері бар.

Қазіргі уақытта Алматы облысының құтқарушылары Түрген өзені бассейнінің мұздақ көлдерінің тасуы мен сел қаупін болдырмас үшін су деңгейін төмендету бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Алматы облысының аумағында Түрген өзенінің бассейнінде күрделі сел жағдайы байқалады. Қауіп-қатер аймағында 30 мыңнан астам адам тұратын Тау-Түрген, Түрген, Қаракемер, Балтабай елді мекендері бар. Осыған байланысты мұздықтың және Түрген өзені бассейіні көлінің сел және гидрометеорологиялық жағдайына мониторинг ұйымдастырылды»,  – деп  хабарлады ТЖМ.

Көлдердегі жұмыстар ауа райына байланысты жалғасатын болады  (шамамен ағымдағы жылғы 16 шілдеге дейін).

«Жақында ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің үйлестіруімен ТЖМ Қазавиақұтқарудың  екі тікұшағымен мұздақ көлдің маңында жабдықтарды тасымалдап түсіру жұмыстарын жүзеге асырылды. Жұмыстарды «Қазселденқорғау» ММ басшылығы мен авариялық бригадасы жүргізді. Екі күн ішінде олар сифон төсеу арқылы еріген мұздық суын айдау жұмыстарын да жүргізді.  Осылайша бүгін ұзындығы 300-ге жуық метр, өнімділігі секундына 110 литр болатын алғашқы сифон тізбегі іске қосылды»,  – делінген ТЖМ хабарламасында.

«Қазселденқорғау» ММ бекеттері халықты уақтылы хабардар ету үшін тәулік бойы жұмыс істейді.

Айта кетейік 28 маусымда Қырғызстанның Ош облысының Ноокат ауданында жүрген селден сегіз адам қаза болды. Олардың арасында Қазақстан азаматтары да бар. Алты адам өзара туыс болып шықты. Ақпарат құралдарынан олардың жасы 6 мен 19 аралығында екені мәлім болды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстаннан барған екі баланың көз жұмғанын, тағы екі адамның іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатын. Артынша СІМ нөсерден кейінгі селден қазақстандық төрт бала көз жұмғанын хабарлады.

1 шілдеде Қазақстан құтқарушылары Қырғызстанда селден қайтыс болған балалардың денесін елге жеткізді.

Қайғылы оқиғаға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

Сондай-ақ оқыңыз