Өзбекстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев 84 жасқа толды / Фото: архив kursiv.media 

Өзбектсан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесті.  Бұл жайында Sputnik Өзбекстан ақпараттық агенттігі хабарлады.

«Өзбекстан басшысы Қазақстанның тұңғыш президентін туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт және амандық тіледі», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бүгін 6 шілдеде Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев 84 жасқа толды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1991-2019 жылдар аралығында мемлекет басқарды. Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаев ел алдына көп шықпайды.

2023 жылы қаңтар айында парламент «ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» заңды қабылдады. Бұл құжат Назарбаевты бірқатар артықшылықтардан, соның ішінде Елбасы мәртебесінен айырды.

ҚР Конституциясы экс-президенттерге зейнетақы, пәтер, мемлекет меншігіндегі саяжай, жеке автокөлік, ел аумағында тегін жүру, медициналық қызмет көрсету және санаторлық-курорттық емделуге кепілдік береді. Негізгі заңда «экс-президент мемлекетке опасыздық жасау жағдайын қоспағанда, президент ретіндегі өкілеттігін жүзеге асыруға байланысты әрекеттері үшін жауапты болмайды» делінген. Осыған қатысты құжатқа қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. 

2023 жылы 11-қаңтарда Тұңғыш Президент жайлы заң күшін жойды. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы президенті жарлығының жобасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, Мемлекеттік күзет қызметі Тұңғыш президент – Нұрсұлтан Назарбаевты күзетпейтін болды. 

Жуырда Шығыс Қазақстан облысындағы кезінде Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары барысында тоқтап келген, кейін өңірдің бұрынғы әкімі Даниал Ахметов тұрған екі қабатты ғимарат сатылымға шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыз