QS World University Rankings 2025 рейтингі: Қазақстандағы 10 ЖОО тізімде бар

Жарияланды
QS World University Rankings 2025 рейтингі жарияланды/коллаж kursiv.media

QS World University Rankings 2025 рейтинг агенттігі әлемдегі үздік университеттер тізімін жариялады.

Рейтингте 105 елдегі 1500 университет есепке алынды. Америка Құрама Штаты тізімдегі 197 универститімен үздік орында. Одан кейін Ұлыбритания (90) мен  Қытай (71) жайғасты.

АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық институты, Гарвард пне Стэнфорд университеттері, Калифорния университеті толық 100 балл  иеленді.

QS рейтингісіне Ресейдегі 47 жоғары оқу орны енген. Қазақстан бойынша отандық 10 университет тізімде тұр. Оның қатарында Әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті,  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Абылай хан атындағы қазақ халықаралалық қатынастар  және әлем тілдері университеті және Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті бар.

Сондай-ақ оқыңыз