Грекиядағы өрт: қазақстандықтардың аралдан кетіп қалуына порт күзетшісі мен өрт сөндірушілер кінәлі боп шықты

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Богатых казахстанцев, обвиняемых в пожаре в Греции, выпустили из страны, «потому что они опаздывали на рейс»
Грекиядағы өрт: қазақстандықтардың аралдан кетіп қалуына өрт сөндіру офицерлері кінәлі боп шықты / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

Грекияда өртке себеп болды деп айыпталған яхтаны жалға алған қазақстандықтардың аралдан кетіп қалуына шұғыл қызмет өкілдерінің қателігі себеп болған. Бұл туралы іЕidiseis грек басылымы жазды.

Басылым ақпаратына сүйенсек, Пирея прокуратурасының қосымша тергеуіне сәйкес, Гидра аралындағы өрттен кейін жергілікті төтенше жағдайлар қызметі бірнеше қателік жіберген. Біріншіден, порт күзетшісі өрттен кейін «Персефони I» кемесін босату туралы өз басшыларынан бұйрық алған. Екіншіден, өртке қарсы күрес басқармасының қызметкері қателік жіберді.

«Өрт сөндірушілер яхта жолаушыларымен байланысып, тіпті олардың өртке қатысы бар-жоғын сұраған. Берілген жауапқа қанағаттанған. Жолаушылар «жоқ» деп жауап берген», – деп жазады басылым.

iEidiseis ақпаратына сүйенсек, Вульягмени айлағына кірген кезде яхтаға бірінші болып екі өрт сөндіру офицері келген. Олар жолаушылардан тек ауызша жауап алған.

«Жағдайдың шұғыл әрі аталмыш азаматтар Қазақстанға ұшақпен ұшып кетуге тиіс болғандықтан, олардан ауызша жауап алынған. Олар өздерінің немесе экипаждың сигналдық зымырандарды пайдаланбағанын айтқан», – деп жазады басылым.

Офицер қазақстандықтардың яхтада футболдан Еуропа чемпионатын тамашалап, ешқайда шықпағаны туралы айтқан.

«Олар түтіннің қатты иісінен өртті байқаған сәтте яхта салонында болғандарын және Еуропа чемпионатының матчын көргендерін айтты. «Яхтада сигналдық зымырандарды пайдаланатын шара болды ма» деген сұраққа «жоқ» деп жауап берді. Сондай-ақ, олар яхтаға мінген сәттен бастап өрт туралы білгенге дейін кемеден жағаға қарай бармағандарын айтты», – деп жауап берген өрт сөндіру офицерлерінің бірі.

iEidiseis басылымы прокурор жолаушылардың аттарын сұрағанда, қате тізім берілгенін хабарлады. Онда өрт басталмас бұрын Грекиядан ұшып кеткен екі қазақстандық азамат болған.

21 маусымда кешке Грекияның Идра аралында 13 турист жалдамалы яхтада отшашу атқан. Салдарынан қарағайлы орман өртке оранған. Туристер өртті сөндіруге тырысып, кейіннен оқиға орнынан қашып кеткен. Арал мэрі Джоргос Кукулакис оларды сотқа беретінін айтты. Полиция туристерді ұстап, кейін грекиялық БАҚ олардың Қазақстанға қатысы бар азаматтар екенін жазған.

Грекия БАҚ ақпаратына сүйенсек, Forbes тізіміндегі қазақстандық кәсіпкер Данияр Әбілғазин Persephoni I яхтасында болған болуы мүмкін. Әбілғазин өзіне және сол күні өзімен бірге серуендеген Қазақстан азаматтарына тағылған айыпты жоққа шығарды

Құқық қорғау органдары Грекия аралындағы орманды өртеді деп айыпталған яхта капитаны мен оның көмекшісін ұстаған. Ақпаратқа сәйкес, экипаждың өзге он бір мүшесі кепілге босатылды. Барлық күдікті кінәні жоққа шығарып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз