Қарағанды облысында прокуратура 19 мектеп директорын әкімшілік жазаға тартты

Жарияланды (жаңартылды )
Нұра ауданында прокуратура 19 мектеп директорын әкімшілік жазаға тартты/kursiv.media

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Қарағанды облысының Нұра ауданында 19 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Нұра ауданының прокуратурасы аудандағы білім беру ұйымдарын тексерді. Соның нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, өрт қауіпсіздігі және денсаулық сақтау салаларындағы көптеген заңбұзушылық анықталды. Атап айтқанда, ауданның кейбір мектептерінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік құралдар табылды.

Белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтін дезинфекциялық ерітінділер тіркелді. Мектептердің бірінде ішек таяқшасы бактериялары анықталды.

Аудан прокуратурасының қадағалау актісі негізінде барлық анықталған бұзушылық жойылды. Тексеріс нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 19 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке, 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ақмола облысы прокуратурасы қайтыс болған адамның туған немересі зейнетақы банк картасын пайдаланып, марқұм атасының атынан зейнетақы төлемдерін алып отырғанын анықтады. Ол мемлекетке 4 000 000 теңгеден астам қаражат мөлшерінде залал келтірген.

Содан Зеренді ауданының прокуратурасы ҚР ҚК 1-тармағының 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған (алаяқтық, бөтеннің мүлкін ұрлау). Аудандық сот үкімімен қылмыскер ҚК-ның 190-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және 3 жылға бас бостандығынан айрылды. Залал сомасы мемлекет кірісіне өндірілді.

СҚО-дағы прокурорлар заңсыз иемденілген активтерді анықтау және қайтару бойынша жұмыс жүргізіп, мемлекет меншігіне 300 млн теңгеден астам кіріс түсірді. Облыстағы кәсіпкерлердің Жер кодексінің талаптарын бұзып, жалпы ауданы 10,2 мың га болатын 14 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін пайдаланбағаны анықталды.

Сондай-ақ оқыңыз