Қазақстанда 10 жыл ішінде 2 мыңнан астам адам суға кеткен

Жарияланды
10 жыл ішінде 2 мыңнан астам адам суға кеткен / shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2024 жылы шомылу маусымы басталғалы 70 адам суға кетті. Оның 30-ы бала. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйінсек, атқарылған кешенді шаралардың арқасында жыл сайын суға батып қайтыс болғандар саны азайып келеді. Дей тұрғанмен, әр статистиканың артында адам өмірі мен жақындарының қайғысы тұрғанын ескерер болсақ, соңғы 10 жылда 2 мыңнан астам адам суға кетті. Оның 701-і бала.

«Бұл жерде назар аударатын басты нәрсе: әрбір азамат жол жүру ережесін қалай сақтаса, судағы жүріп тұру қағидаларын да қатаң сақтауы тиіс. Біз қанша ескерту жасап, дәріс өткізу жұмыстарын жүргізгенімен, алдын алу шараларын ұйымдастырғанымен, жауапкершілік әрбір адамның өзіне жүктеледі. Ең бірінші судан келетін қауіпке араша болушы – ол адамның өзі екенін ұмытпаған жөн” – деді ТЖМ азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов.

Айта кетейік, елімізде 85 мыңнан астам өзен мен 48 мың көл бар, оларды азаматтар шомылу, демалу және балық аулау үшін пайдаланады. Мамандардың айтуынша, оның ішінде шомылуға тыйым салынған 4 мың 598 орын анықталды. Ол жерлерге ескерту және тыйым салу белгілері орнатылды.

2024 жылдың 1 маусымынан бері 27 адам суға кеткен. Бұл жайлы Үкімет сағатында Төтенше жаңдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз