Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи «Новичоктан уланғандықтан Еуропада емделіп жатыр» деген ақпаратты жоққа шығарды
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи уланып, Еуропада ауруханаға түскені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ауру белгілері наурыз айында пайда болған. Бірақ қазақстандық дәрігерлер нақты диагноз қоймаған.
Бәпи улану салдарынан Еуропалық емханаған емделуге барғанын жоққа шығарады.
«Улану деген жай ғана болжам, нұсқа, біздің медицина қаннан паразиттерге дейін барлық тексерістен өткізді. Бірақ дәрігерлер ештеңе анықтай алмады. Осыдан кейін молекулалық-жасушалық зерттеу мәселесі туындады. Олар улаған болуы мүмкін деді. Қалай емделу керек деген сұрақ туындады. Жасушаны тексерту үшін клиникада тексеруден өтуге шешім қабылдадық, алдымен диагнозды нақтылап алуым керек. Әзірше емделмеймін, алдымен оның не екенін анықтау керек. Мен енді Еуропаға сапар шегемін», – деп жауап берді Tengrinews.kz тілшісіне депутат.
Ермұрат Бәпи әлеуметтік желіде өзінің әлдебір дерт мазалайтыны жөнінде жазба жариялады. Әзірше мамандар аллергия деген диагноз қойған. Депутат қолының ісініп кеткенін, 40 жылдан бері мұндай жағдайға тап болмағанын жазды. Кейін бұл жөнінде Qaz365.kz басылымына баяндады.
Депутат өткір мәлімдемелерімен көзге түсіп жүр. Маусым айында Ермұрат Бәпи ағайынды Нығматуллиндер – Нұрлан мен Ерланға, сондай-ақ «Назарбаев дәуіріндегі» басқа да олигархтарға қатысты қылмыстық істі қозғауға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, әзірге тергеуді бастауға заңды негіз жоқ немесе белгілі бір келісім бар. Депутаттың пайымынша, мемлекет қоғамда шиеленіс тудырып алмас үшін оларға қатысты әлі ешқандай әрекет жасамай отыр.
Одан бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке қатысты сот үкімі туралы ақпаратты бірінші болып жариялаған Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи бұл шешімді сынға алды. Оның пікірінше «Ескі Қазақстанның» «Жаңа Қазақстанға» ықпалы бар. Ол соттың Самат Әбішті 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы шешімін «күлкілі жағдай» деп санайды.