Қазақстандық әуе компаниялары жыл басынан бері 5,5 млн жолаушы тасымалдады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 17 %-ға артық / Фото: архив kursiv.media 

Әуе компаниялары жыл басынан бері 5,5 миллионға жуық адамды тасымалдаған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17 %-ға артық.

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, бүгінде аптасына 640 рейс жиілігімен 53 бағыт бойынша 6 әуе компаниясы жолаушыларға қызмет көрсетеді.

«Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың көлікке деген қолжетімділігі және ішкі туризмді дамыту үшін елдің 9 өңірінде 19 ішкі авиамаршрут субсидияланады. Халықаралық әуе қатынасы туралы айтатын болсақ, рейстер аптасына 619 жиілігімен 107 бағыт бойынша 29 елге орындалатынын атап өткен жөн. Оның ішінде, Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Египет, Катар, Қытай, Малайзия, БАӘ, Таиланд және басқа елдер бар»,- деп мәлімдеді Азаматтық авиация комитеті.

Айта кетейік, әуе транспортының халықаралық қауымдастығы (IATA) мәліметінше, Қазақстандық ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сәйкестік деңгейі 82%-ды құрайды. Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Қазақстан Дания және Польша сияқты Еуропалық одақтың елдерімен бір қатарда.

Қазіргі уақытта ішкі әуе тасымалын 6 қазақстандық тасымалдаушы жүзеге асырады. Олар: «Air Astana», « FlyArystan», SCAT, Qazaq Air, Southern Sky, Жетісу). Аптасына 56 ішкі рейс бойынша 500 рейс орындалады. Бүгінде ҚР Азаматтық авиациясының мемлекеттік тізілімінде 941 ұшақ бар. Оның ішінде 55 қазақстандық оператор жұмыс істейді. Тұрақты жолаушылар тасымалымен 5 әуе компаниясының 90 ұшағы айналысады.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  мамыр айында Қазақстан-Сингапур бизнес форумына қатысқан еді. Мемлекет басшысы сол форумда вьетнамдық SOVICO Group компаниясының Qazaq Air әуе компаниясын жекешелендіруін құптайтынын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз