«Инвесторлардың сенімінен айырыламыз»: Ұлттық банк басшысы дивидендке салық салуды қолдамайтынын жеткізді
Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов KASE мен AIX биржасындағы жеңілдіктерді алып тастап, дивиденд пен бағалы қағаз құнына 5 пайыз салық салуды қолдамайтынын жеткізді.
«АХҚО-ны құру кезінде кейбір[салық] жеңілдіктерін бергендіктен, оларды қайта қараудың қажеті жоқ сияқты. Иә, ол жерде, шынымен, жақсы ақша бар. Егер дивидендке салық салатын болсақ, біз қосымша пайда алар едік. Алайда бұл қор бижасын «сауын сиыр» болсын деп емес, қаржы құралдарын жасап, жаңа инвесторлар тартып, жұмыс орнын ашу үшін құрдық. Бұның бәрі ақырындап жүзеге асып жатыр», — деді Ұлттық банк басшысы.
Тимур Сүлейменов Қазақстанның өзіндік инвестициялық имиджі бар екенін атап өтті. Егер Үкімет инвесторларға 2026 жылға дейін салық жеңілдігін уәде етіп, оны заңда бекітсе, бұл шешімді ұстануға тиіс. Әйтпесе инвесторлар сенімі мен келетін қаржыдан айырылады. Ұлттық банк басшысы инвесторларға берілген кепілдікті ұстанған жөн деген пікірде.
«Салықты көбейтіп тапқан табысымыздан, сенім мен инвестициядан жоғалтқанымыз асып түсуі мүмкін», – деді Сүлейменов.
Жақында Ұлттық экономика министрлігі KASE және AIX биржасындағы салық жеңілдігін жою, дивидендке салық салу және резиденттер үшін бағалы қағаздар құнын арттыруды ұсынды.
Қазіргі кезде жеке тұлғалар дивидендтен түсетін табысы 30 мың АЕК-тен аспаса (2024 жылы 110,8 млн теңге), салық төлемейді. Бұл сомадан асып кетсе, инвесторлар 10% салық төлеуі тиіс.
ҰЭМ ұсынысына сала мамандары бірауыздан жеңілдіктердің жойылуы инвесторлардың Қазақстан қор нарығынан кетуіне ықпал етеді деген пікір білдірді.
Дегенмен Қазақстан резиденттері үшін жеңілдіктер бар: егер дивидендтінің сомасы 30 мың АЕК-тен аспаса (2024 жылы 110 млн теңге) және бағалы қағаздармен белсенді айналысса (айына кемінде 50 транзакция, жалпы көлемі 25 млн теңге), олар салықтан босатылады. Шетелдіктер 15% салық төлейді, бірақ қос салық туралы келісім болған жағдайда мөлшерлемені төмендетуге болады. Бұл Қазақстан қор биржасында бағалы қағаздармен сауда жасайтындарға ғана қатысты. Астана халықаралық қаржы орталығының биржасы 2022 жылға дейін кез келген салық төлемінен толығымен босатылған еді.
Бұл жеңілдік 2066 жылға дейін шектеусіз белгіленген және 2015 жылы желтоқсанда қабылданған Конституциялық заңда көрсетілген. Алайда екі жыл бұрын Үкімет негізгі критерийлерді өзгеріп, содан кейін AIX қатысушыларына KASE-дегідей сауда белсенділігіне қойылатын талаптарды орындау талап етілді.