2026 жылы НАТО саммиті Түркияда өтеді

Жарияланды (жаңартылды )
2026 жылы НАТО саммиті Түркияда өтеді/ фото kursiv.media архивінен

НАТО басшылары 2025 жылдың маусымында Гаагада және 2026 жылы Түркияда кездеседі.

Түркияда 2026 жылы НАТО саммиті өтеді. Вашингтонда болған Солтүстікатлантикалық альянс саммитінің қорытынды декларациясында ұйым жоспары жарияланды. Yeni Safak басылымы осы жөнінде жазды.

Биыл АҚШ-та әскери одақтың 75 жылдығына арналған саммит өтуде. НАТО-дағы екінші үлкен армияға ие Түркия альянстағы ең жоғары лауазымды анықтауға қатысты. Түркия Голландия премьер-министрі Марк Рюттенің Солтүстікатлантикалық альянстың бас хатшылығына кандидатурасын қолдады.

Анкара 10 жыл бойы бас хатшы қызметін атқарған Рюттенің Йенс Столтенбергтің ұстанымын жоғары бағалады. Өйткені кейінгі онжылдықта НАТО одақтастарының ішінде Түркияның терроризмнен ең көп зардап шекті.

Столтенберг Түркияға бағытталған қорғаныс санкцияларына да қарсы шыққанын ескеру керек. Түркия Ресейден С-400 зымыран жүйелерін сатып алғаннан кейін АҚШ-тың санкцияларына тап болды. Санкциялар АҚШ-тың экспорттық лицензиялары мен Түркияның Қорғаныс өнеркәсібі бюросы (SSB) бақылайтын қорғаныс конгломератының рұқсаттарына тыйым салды.

Рюттенің НАТО мен Еуроодақ қарым-қатынасына қатысты ұстанымы да Анкара үшін маңызды болды. Ол Түркияның ЕО-ның саяси одақтасы, ал НАТО-ның әскери одақтасы екенін баса айтқан.

Айта кетейік, Түркияда Ван провинциясының сайлау комиссиясы DEM партиясының кандидатын науқаннан шығарып тастағаннан кейін бірнеше қалада қарсылық акциялары болды.

Сондай-ақ оқыңыз