Кувейт Парсы шығанағында алып мұнай кен орнын ашты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Кувейт Парсы шығанағында алып мұнай кен орнын ашты / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Кувейт мұнай корпорациясының басшысы шейх Наваф Әл-Сауд әл-Сабах үлкен әлеуеті бар, жаңа Нухата мұнай кен орнының ашылғанын жариялады. Бұл туралы Kuwait Times газеті хабарлады.

Басылым мәліметі бойынша, жаңадан табылған мұнай кен орны ел астанасынан 20 шақырым жерде Файлака аралының жанында орналасқан. Мұнда мұнай мен газ қоры шамамен 3,2 миллиард баррельді құрайды. Салыстырмалы түрде үш жыл ішінде Кувейттің барлық кен орнында осынша мөлшерде мұнай өндіреді.

Айта кетейік, кен орнын Kuwait Oil Company ашты. Компания өз мәлімдемесінде мұнайды әзірлеу Кувейттегі көмірсутектер қорын арттыруға, сондай-ақ нарықтағы ұсыныстың тұрақтылығын қамтамасыз етуге және елге ең ірі мұнай өндірушілердің бірі мәртебесін сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Жақын арада KOC мұнай өндіру жоспарын әзірлейді.

Еске сала кетейік, Кувейт әлемдегі 10 ірі мұнай өндіруші елдер қатарына жатады. Қытай, БАӘ, Иран, Бразилия және Кувейт әлемдік мұнай өндірудің 70%-дан астамын иеленеді.

Сондай-ақ оқыңыз