ЦентрКредит банктің еншілес брокерлік компаниясы валютамен сауда жасау құқығына ие болды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
BCC Invest валютамен сауда жасау құқығына ие болды / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

BCC Invest инвестициялық компаниясы (ЦентрКредит банкінің еншілес ұйымы) KASE және халықаралық нарықтарда ұлттық және шетел валютасымен сауда жасау құқығына ие болды. Тиісті лицензияны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берді.

Брокерлік компания қолма-қол ақшаны қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыра алады. BCC Invest баспасөз қызметі бұл мүмкіндік бұрын тек негізгі компанияда болғанын түсіндірді. Инвестициялық бөлім 2018 жылғы лицензияға сәйкес тек бағалы қағаздармен сауда жасап келген.

«Компания Қазақстан қор биржасында шетел валютасын екінші деңгейдегі банктермен тең дәрежеде саудалайтын болады, сондай-ақ Халықаралық валюта нарығына шығуға және сол жерде клиенттердің атынан операциялар жасауға мүмкіндігі бар», – делінген «Курсивке” келген хабарламада.

Лицензия  фьючерстермен сауда жасауға мүмкіндік береді. BCC Invest мәліметтері бойынша, халықаралық нарықтардағы мәмілелерді валютамен қамтамасыз ету процесі жеңілдейді. 

BCC Invest — ЦентрКредит банкінің еншілес ұйымы, инвестициялық компания BCC тобына кіреді. Брокерлік қызмет көрсету, корпоративтік қаржыландыру, активтерді, оның ішінде зейнетақы активтерін басқару қызметтерін көрсетеді. Брокерлік нарықта 1998 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша BCC Invest таза пайдасы 1,7 есеге, яғни 712,6 млн теңгеге дейін өсті. 2024 жылдың басынан бері активтер 13,1%, яғни 67,4 млрд теңгеге дейін өсті. Міндеттемелер 3%, яғни 26 млрд теңгеге дейін қысқарды. Меншікті капитал 41,3 млрд теңгені құрады, бұл жыл басындағыдан төрттен бір артық.

ЦентрКредит банкі 1988 жылдың қыркүйегінде құрылған Қазақстанның алғашқы коммерциялық банктерінің бірі. 2024 жыл қаңтардағы жағдай бойынша банктің бақылаушы акционерлері 40,11% үлесі бар бизнесмен Бақытбек Байсейітов және 9,23% үлесі бар кәсіпкер Владислав Ли.

Сондай-ақ оқыңыз