Цифрлық теңге бюджет қаражатының жұмсалуын қадағалау үшін пилоттық режимде қолданыла бастады

Жарияланды (жаңартылды )
Цифровой тенге используют для финансирования строительства участка ж/д
Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

ҚР Ұлттық Банкі бюджет қаражатының жұмсалуын таңбалау үшін цифрлық теңгені пайдалану бойынша пилоттық жоба іске қосылды деп хабарлайды.

Ұлттық банк мәліметіне сүйенсек, цифрлық теңгені енгізу бойынша екінші кезеңі аясында валюта «Достық-Мойынты» темір жол учаскесін салуда пайдаланбақ. Сондай-ақ цифрлық валютаны қаржы иесі өз бетінше бақылап, тиімді жұмсай алады. Бұл жоба мемлекеттік қаржыландырудың ашықтығы мен тиімділігін жақсартуға, қаражаттың мақсатсыз жұмсалуын азайтуға бағытталған.

Пилоттық жоба барысында цифрлық теңге платформасында жобаны қаржыландыруға бөлінген ақшаға таңба қойылды. Таңбаланған теңге қажетті міндеттемелерді толық көлемде орындаған ұйымдардың атына ғана төленеді. Осылайша, таңбалау технологиясы бөлінген қаражаттың нысаналы жұмсалмау тәуекелдерін азайтады. Сонымен қатар мемлекеттік қаржыны жұмсаудың айқын және тиімді болуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

ҚР Үкіметі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірлесіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларында бюджет қаражатын нысаналы мемлекеттік жұмсау, цифрландыру бойынша бірқатар пилоттық жобаны іске асырып жатыр.

Айта кетейік, цифрлық теңгені енгізудің екінші кезеңінің қорытындысы 2024 жылдың аяғында жарияланады. Сондай-ақ 2025 жылдан бастап цифрлық теңгені барлық жерде қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр.

Цифрлық теңге – ұлттық валютаның үшінші түрі. Қолма-қол ақша секілді, цифрлық теңге де – Ұлттық Банктің міндеттемесі. Сәйкесінше, цифрлық теңге төлем құралы, құн өлшемі және айналым құралы қызметін атқарады.

2023 жылғы 15 қарашада Қаржыгерлер күнінде Қазақстан Ұлттық банкі цифрлық теңгені қолданысқа енгізді. Конгресс кезінде цифрлық теңгемен алғашқы бөлшек транзакция жасалып, оған бір шыны аяқ кофе сатып алынды.

16 қарашада әлемдегі ең ірі криптобиржа Binance  цифрлық теңгеге байланған стейблкоинді тест режимінде іске қосқанын хабарлады. 

Сондай-ақ оқыңыз