Қазақстандық «Biz birgemiz» қоры Қырғызстанға 40 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қазақстан мен Қырғызстан
«Biz birgemiz» қоры Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберді / архив kursiv.media

Қазақстандық «Biz birgemiz» қайырымдылық қоры Қырғызстанның селден зардап шеккен аймақтарына 40 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Бұл туралы қырғыз басылымдары жазуда.

«Biz birgemiz» қазақ қайырымдылық қоры еліміздің оңтүстігіндегі сел салдарынан зардап шеккен қырғызстандықтарға 40 тонна гуманитарлық көмек жіберді», – делінген қырғыз басылымдарының жазбасында

Ақпаратқа сүйенсек, көрші елге жеткен гуманитарлық көмекте негізінен тамақ өнімдері: ұн, қант пен өзге де қажетті тауарлар және гигиена құралдары бар.

14 шілде күні Ош шаһарының әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Жұмамидин Сулайманқұлов Төлөйкөн ауылындағы «Мөлдір бұлақ» демалыс орнында тыныққан төрт адамды сел ағызып алып кеткенін хабарлады. Ал Озгур ауылында тұрғындар мініп жатқан КамАЗ көлігі теңселіп, бір адам қаза тапқаны хабарланды. Сондай-ақ Ак Буура каналына жеті автокөлік түсіп кеткен.

1 шілдеде Қырғызстанның сел тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына Қазақстаннан тағы да жалпы салмағы 2,7 тонна азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек жеткізілген.

29 маусымда Қырғызстанның Ош облысының Ноокат ауданында сел жүріп өтіп, 5 адам қаза тапқан болатын. Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан сел он ауланы басып, Әбшір-Ата ауылындағы екі көпірді зақымдаған еді. Суға ағып кеткендер арасында қазақстандық балалар да болғаны айтылған

Сондай-ақ оқыңыз