Экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтың ісі сотқа жіберілді

Жарияланды
Ерлан Тұрғымбаевтың ісін Астананың ауданарлық соты қарайды / Коллаж: kursiv.media; Бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ісін тергеу шаралары аяқталып, сотқа жіберілген. Бұл ақпаратты, Астана соты растады.

Астана сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, экс-министрдің қылмыстық ісі Астананың ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына жіберілген. Іс «аса құпия» грифімен жүргізіледі.

Айта кетейік, 30 сәуір күні Бас прокуратура бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын.

Ол ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін Қылмыстық Кодекстің 362-бабы, 4-бөлігі бойынша қамауға алынған болатын.

Қылмыстық істе мемлекеттік құпия болуына байланысты, сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысты басқа дерек жарияланбады.

Ал 2 мамырда Астана тергеу соты экс-министр Ерлан Тұрғымбаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Астана тергеу соты Ерлан Тұрғымбаевты екі ай бойы күзетпеу ұстау туралы шешім қабылдады.

Қаңтар оқиғасынан кейін лауазымды тұлғалар, әскерилер, ҰҚК қызметкерлері тергеліп, сотталды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өз қызметінде қалған еді.

Осы атышулы іс бойынша ҰҚК-ның төрағасы Кәрім Мәсімов ҚК-ның 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылған. 

Сондай-ақ оқыңыз