Euroclear халықаралық депозитарийі Украинаны қолдауға Ресей активтерінен түскен табыстан 1,55 млрд еуро бөледі

Жарияланды
Ресейдің бұғатталған активтері
Украинаны қолдауға Ресей активтерінен түскен табыстан 1,55 млрд еуро тәркіленеді/ коллаж kursiv.media

Украинаға Ресей активтерінен түскен табыстан 1,55 млрд еуро берілмек. Бұл жөнінде ақпарат құралдары жазды.

2024 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Euroclear бұғатталған ресейлік активтерді инвестициялаудан пайыздық кіріс түрінде 3,4 миллиард еуро алды.

Euroclear халықаралық депозитарийі шілде айында Украинаны қолдауға арналған Еуропалық қорға шамамен 1,55 миллиард еуро көлеміндегі алғашқы жарнаны енгізеді.

Ақпан айының басында Еуропалық кеңес Еуропалық комиссияның арнайы ұсынысын мақұлдады.  Құжатта Ресейдің тыйым салынған активтерінен түсетін кірісін Украинаға көмек ретінде беру туралы жазылған. 

Ресейдің Белгияда бұғатталған активтерін Euroclear халықаралық депозитарийінде қайта инвестициялалаудан түсетін пайда бөлек тіркеледі. Ресей активтерінен 260 миллиард еуроның 191 миллиарды Бельгияда орналасқан.  

Мамыр айында Еуроодақ кеңесі Ресейдің еуропалық депозитарийлерде бұғатталған активтерінен түскен пайда екі жыл сайын Украинаға әскери қолдауға түбегейлі шешім қабылдады. Қаражаттың 90%-ы Еуропалық Бейбітшілік қорына, тағы 10%-ы Украинаны қолдау және Еуропалық Одақтың қорғаныс өнеркәсібін қалпына келтіру бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталмақ.

ЕО шектеу шаралары Украинаға одан әрі әскери қолдау көрсету, сондай-ақ оның қорғаныс өнеркәсібінің қуатын арттыру мен қайта құру үшін пайдаланылады.

Сондай-ақ оқыңыз