БҰҰ: 2024 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға 2 975 788 еңбек мигранты келді

Жарияланды
коллаж kursiv.media

2024 жылдың бірінші тоқсанында 2023 жылдың соңғы тоқсанымен салыстырғанда Қазақстанға келген және кеткен мигранттар ағыны аз (келгені – 2975,8 мың, кеткені 2872,1 мң кеткен). Басқа елдерге қарағанда, Ресей мен Өзбекстаннан барыс-келіс көп.

БҰҰ халықаралық ұйымдар мен Қазақстандағы мекемелер мәліметіне сүйене отырып, еңбек көші-қоны жөнінде зерттеуін жариялады.

Қытайдан, Түркиядан және Үндістаннан келген мигранттар саны жөнінен ТМД-дан тыс елдер арасында алғашқы үштікте. Олар бірінші тоқсанда жұмыс істеу мақсатында келген.

Қазақстанның Шекара қызметі 2024 жылдың бірінші тоқсанында барлығы 2 975 788 еңбек мигранты келгенін хабарлады. Бұл 2023 жылдың соңғы тоқсанымен салыстырғанда 12,6%-ға (3 405 102 мигрант) аз және 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға (2,7 миллион) көп.

Елге келген мигранттардың жалпы санынан 41 986 адам нәпақа табу мақсатында келгенін көрсеткен. Келгендердің жалпы санының жартысынан астамы (58,2%-ы) ТМД елдерінен, оның ішінде:

  • 64%-ы – Ресейден,
  • 27,4%-ы – Өзбекстаннан,
  • 2,3%-ы – Беларусьтен,
  • 2%-ы – Тәжікстаннан.

41,8% алыс шетелдерден келген, оның ішінде:

  • 28,5%-ы – Қытайдан,
  • 8,9%-ы – Түркиядан,
  • 7,7%-ы – Үндістаннан,
  • 7%-ы – АҚШ-тан,
  • 4,8%-ы – Ұлыбританиядан.

2024 жылдың бірінші тоқсанында Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті 104,8 мың адамға уақытша тұруға ықтиярхат берді, олардың көпшілігі – ТМД елдерінен. 100,25 мың адам еңбек ету мақсатында уақытша тұруға рұқсат алды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдары шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берген елдер:

  • Қытайдан – 4045 адам (31,4%),
  • Үндістаннан – 1152 адам (8,9%),
  • Түркиядан – 1110 адам (8,6%),
  • Өзбекстан – 673 адам (5,2%).

2023 жылы Қазақстаннан жіберілген жеке ақша аударымдарының көлемі 883,5 миллион доллардан асты. 2022 жылы мұндай ақша аударымдарының көлемі 1,08 млрд долларды құрады.2023 жылы Қазақстанға жіберілген ақша аударымдарының көлемі, 2022 жылдың сәйкес кезеңіндегі 476,9 миллион доллармен салыстырғанда, 299,8 миллион долларды құрады.

ІІМ ақпараты бойынша Қазақстанға көбіне Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Қытай азаматтары келеді. Биыл көші-қон заңын бұзғаны үшін 9800 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 мың адам елден шығарылған. Заңды бұзғандардың басым бөлігі – Өзбекстан азаматтары.

Қазақстандықтар арасында 2023 жылы 15 мың тұрғын шетелге көшіп кетсе, елге 23 мың адам көшіп келген. 

Көршілес Ресей Орталық Азиядан келген еңбек мигранттары үшін бейімделу курсын әзірледі. 70 минутқа созылатын курста азаматтар РФ еңбек заңнамасы, мінез-құлық ережелерімен танысады. 

Сондай-ақ оқыңыз