Астанада қоғамдық көлік жолақысы 20 теңгеге қымбаттайды
Жарияланды
(жаңартылды )
1 тамыздан бастап Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны 90 теңгеден 110 теңгеге дейін қымбаттайды деп хабарлайды қала әкімдігі.
Әкімдіктің мәліметінше, қалалық маршруттарда 90 теңгелік тариф 2014 жылдың қыркүйегінде белгіленген.
2020 жылдың наурыз айынан бастап Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектер, зейнеткерлер, көпбалалы аналар үшін қоғамдық көлікте жол жүру тегін.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қалалық мәслихаты қалада қоғамдық көлікте жол жүру құнын арттыру туралы шешім қабылдаған еді. Өткен аптада қала мәслихаты тарифті 100-ден 120 теңгеге дейін көтеруге келісті, енді оны әкімдік өз қаулысымен бекітуі тиіс.