Қазақстандықтар бос уақытын қалай өткізеді? Кинотеатр мен ойын-сауық орталықтарының саны артып, кітапханалар саны қысқарған
Қазақстандықтар бос уақытын қалай өткізеді және елде ойын-сауық нарығы қалай дамыған? Freedom Finance Global компаниясы зерттеу жүргізді. Зерттеу барысында ойын-сауық индустриясына қатысушылардың объектілеріне және қызметіне, сондай-ақ кейінгі жылы халықтың мінез-құлық ерекшеліктеріне талдау жасалған. Сонымен қатар елдегі барлық 16 жастан асқан 3 000-нан астам адам арасында сауалнама жүргізілді.
Халықтың таңдауы киноға бару. Қазақстандықтар Америка мен елде түсірілген фильмдерге басымдық береді
«Зерттеу барысында бос уақыт өткізудің кең таралған түрі – киноға бару екені белгілі болды», – деп жазды Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы Аңсар Абуев.
Зерттеуге сүйенсек, кинотеатрға респонденттер қызықтыратын фильм (54,6%), достарымен (37,6%) немесе балаларымен (26,7%) уақыт өткізу үшін барады. Бұл ретте орташа шығын көлемі – 2,5 мың теңге.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, Қазақстанда сеанстың орташа құны шамамен 1,8 мың теңгені құрайды. Респонденттердің арасында АҚШ-та (59%), екінші орында Қазақстанда (30,3%), содан кейін Ресейде шығарылған фильмдер (27,2%) үлкен сұранысқа ие. Қазақстанда шығарылған фильмдерді деректер массиві бойынша 16-24 жас аралығындағы респонденттер (38,6%) және 61 және одан жоғары жастағы (39,7%) респонденттер; Шымкентте (44%) және 50-100 мың тұрғыны бар қалаларда тұратын (44%) респонденттер орташа есеппен алғанда айтарлықтай жиірек таңдайтын болып шықты.
Екінші орында саябақтар тұр
Респонденттердің басым бөлігі аттракциондары бар саябақтарға (кейінгі жылы 73,6%-ы барды) үлкен қызығушылық танытқан. Оның негізгі себебі – балаларымен бару (40,7%), содан кейін достарымен немесе туыстарымен уақыт өткізу (36,1%) және нақты ойын-сауық саябағына қызығушылық (29,7%). Бұл ретте халық жұмсайтын ең көп сома – 5 мың теңгені құрап отыр.
Сауда-ойын-сауық орталықтарына қызығушылық артты
Респонденттердің басым бөлігі кейінгі жылы сауда-ойын-сауық орталықтарына баруды таңдаған (87,8%).
«СОО-ға барудың негізгі мақсаттары – сауда жасау (69,5%), демалыс және ойын-сауық (54,8%), СОО-ға туыстарымен/таныстарымен/әріптестерімен кездесу (12,5%) немесе қандай да бір қызмет алу үшін (12,7%) сирек барады. Ойын-сауық мақсатында СОО-ға барғандардың, сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі жай ғана қыдырады (59,1%) немесе ойын-сауық орындарына (54,5%) барады», – деп жазылған талдауда.
Поп-музыкалық концерттер де шорт-парақшада тізімінен табылды
Зерттеу барысында респонденттер арасында поп-музыкалық концерттер танымал бола бастағаны анықталды (36,4%). Классикалық музыкалық концерттер (22,8%), рок- (19,1%), хип-хоп немесе рэп – концерттер (18,9%) және балалар концерттері (17,4%) респонденттерге бірдей қызығушылық тудырады. Музыкалық концертке бару үшін орташа чек 5 мың теңгені құрайды. Шетелдік әртістердің концерттеріне билеттер 100 мың теңгеден асуы мүмкін екенін ескерсек, бұл салыстырмалы түрде аз.
Театрға баратындар саны мен орташа чек сомасы қанша?
Респонденттер көбіне драма театрларды (46%), балалар қойылымдарын (24,5%) және би/музыкалық шоуларды (22,8%) таңдайды. Мұндай мекемелерге барудың ең көп тараған себебі – респондентті спектакль (47,6%) қызықтырады. Одан кейін достарымен немесе туыстарымен (33%) уақыт өткізу және балалармен бос уақыт (21,9%) өткізу көзделген. Билеттерді көбіне сеанс басталар алдында театр кассасында сатып алып жатады (44%).
«Алайда билет сататын агрегаторлары да (ticketon.kz, zakazbiletov.kz) атап өткен жөн. Олар сатып алу орындары жағынан екінші орынға шықты (20,5%). Театрға бару үшін орташа чек 3 мың теңгені құрады», – деп жазылған зерттеуде.
Кітапханаға шымкенттіктер көп баратыны анықталды
Қазақстанда 3924 кітапхана бар. Облыстар арасында кітапханалар саны бойынша көшбасшы Түркістан облысы (398 немесе 10%). Батыс Қазақстан (360), Ақмола (343) және Қостанай (340) облыстарында да бұл көрсеткіш жоғары. Кітапханалар Астанада (23) – балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханалардың саны мұнда ашық көрсеткілмеген – Алматыда (34), Шымкентте (44) аз.
Соңғы 11 жылда Қазақстандағы кітапханалар саны айтарлықтай 200-ден асаға қысқарды. Қазір елде олардың саны 3 924. 2012 жылы олардың саны 4 192 болғанын айта кетейік. 2023 жылы кітапханалар саны 7 нысанға артты.
Тарихи мұражайларға баратындар саны көп
Мұражайлардың ең жиі баратын түрлері – тарихи (45,2%), өлкетану (25%) және көркемдік (23,9%).
Халықтың мұражайларға баруының негізгі себептері – респонденттерді қызықтыратын көрмелер (44,9%), достарымен және туыстарымен бірге бос уақыт өткізу (28,2%) және балаларымен уақыт өткізу (25,7%).
Шетелде өтетін концерттер мен қойылымдарға баратындар саны көп пе?
Кейінгі жылы әрбір төртінші қазақстандық Қазақстан бойынша қандай да бір мәдени іс-шараға қатысу мақсатында тым болмағанда бір рет сапарға шықты. Бірақ мұндай мақсатпен шетелге сапарға шыққандар айтарлықтай аз болды. Олардың үлесі 15,7%-ды құрайды.
Зерттеуге сүйенсек, респонденттер қандай да бір мәдени шараларға қатысу үшін барған елдердің арасында көшбасшы орында, сөзсіз, Ресей болды (44,7%). Сонымен қатар Өзбекстан (19,7%) және Қытай (14%) бар. Басқа елдердің арасында респонденттер көбіне Түркияны (23,1%), Таиландты (10,3%), Германия мен АҚШ-ты (әр жағдайда 7,7%-дан) атап өтті.
«Зерттеу жүргізу кезінде кинопрокаттың айқын статистикасы белгіленді. Біріншіден, кейінгі жылы келушілер саны тарихи ең жоғары деңгейлерге жетті. Бұл Қазақстанда осы саланың дамып жатқанын білдіреді. Кинопрокат саласындағы кірістер 11 жыл ішінде 3,7 есе артты. Яғни 37 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл да тарихи ең жоғары деңгей. Екіншіден, фильм түсіру индустриясындағы көрсеткіштер де жақсы, деректерге сәйкес шамамен үштен бір бөлігі жергілікті фильмдерді көреді, бұл сандар респонденттердің жауаптарымен де сәйкес келеді», – деді Аңсар Абуев.
Бұл ретте ол көрсеткіштердің театрларда төмендегенін атап өтті.
«Ұлттық статистика бюросы жүргізген есепке сәйкес, олардың саны 11 жыл ішінде өзгерген жоқ . Сондай-ақ, жаңа қойылымдардың саны да өзгеріссіз қалып отыр», – Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы.