Президент қысқа мерзімді демалысқа шықты

Жарияланды
Ақорда Тоқаевтың 4 күндік демалысқа шыққанын хабарлады / Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді демалысқа шықты. Бұл жайлы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысына шығады»,- делінген хабарламада.

Тоқаев 2021 жылғы еңбек демалысын Бұқтырма су қоймасындағы демалыс аймағында өткізген.

Айта кетсек, президент жыл сайын санаулы күнге демалыс алады. Еңбек демалысын негізінен Қазақстанның курорттық аймақтарында өткізетін. Мәселен, алғаш президент болған 2019 жылы баспасөз қызметі мемлекет басшысының Қазақстан аумағында демалатынын айтқан.

Ал 2020 жылы пандемияға байланысты президент демалыс алған жоқ.

Сурет ШҚО-дағы демалысынан.

2021 жылы президент 13-16 шілде аралығында демалыс алды. Тоақев бұл күндері Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма су қоймасының маңында демадып қайтқан болатын.

Ал 2022 жылы президент еңбек демалысын тамыз айында алған. Мемлекет басшысы 2 тамызда демалысқа шығып, 9 тамызда жұмысына оралған болатын. Ақорда президенттің қай жерде демалғаны туралы хабарлаған жоқ.

Осы жылы да мемлекет басшысының қайда демалатыны айтылмаған.

Сондай-ақ оқыңыз