Спортты дамыту дирекциясының басшысы 60 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды
Олимпиада түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының басшысы 60 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлап, қарамағындағы қызметкерден 4 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады.
Прокуратора мәліметіне сүйінсек, олар спорт залдарын тегін алу мүмкіндігі болса да, жалған шарт жасасқан. Сол арқылы жаттығуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырған.
Сонымен қатар басшымен бірге бюджет қаражатын ұрлауға көмектескені үшін Дирекция қызметкері де сотталды. Сот үкімімен әрқайсысына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, басшы 5 жылға, қызметкері 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астанада Олимпиадалық емес түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясында жүйелі түрде бюджет ақшасы ұрланған. Мекеме жаттықтырушылары спортшылардың жүріп-тұруы мен тамақтануы туралы жалған есептер беріп, 40 миллионнан астам қаржыны қалталарына басқан.