Ростов-на-Донудағы тергеу абақтысында бүлік ұйымдастырған содырлардың бірі 20 жылға бас бостандығынан айырылды

Жарияланды
Обстановка у СИЗО-1 Ростова в воскресенье утром
Ресейдің Ростов қаласы. Жексенбідегі жағдай/ фото BBC-дан

16 маусым күні Ресейдің Ростов қаласында жазасын өтеп жатқан ИГИЛ (Қазақстанда тыйым салынған радикалды ұйым) содырлары №1 тергеу абақтысын басып алды. Олар тор терезені бұзып кірген. Тұтқында отырғандар Ростов облысы бойынша жедел басқарма бастығы, подполковник Алексндр Богма мен кезекші ауысым инспекторы, кіші сержант Виктор Кончаконы кепілге алды. Олар жергілікті биліктен жедел түрде абақтыдан босатуды және автокөлік алып келуді талап етті.

Ресейдің арнаулы жасағы алғашында содырлармен келіссөз жүргізгенімен, кейін шабуыл ұйымдастырды. Сол күні жасақ қылмыскерлердің барлығының көзін жойды деген ақпарат тарады. Бірақ операция кезінде төрт сотталушы – Шамил Акиев, Тамерлан Гиреев, Азамат Цицкеев, Магомед Сайпудиновтің өлгені анықталды. Олардың сыбайласы Даниил Камнеев басынан жарақат алып, ауруханада емделген соң аман қалды. Кепілге алынғандар да босатылды.

Ал Малик Гандалоев бірден қашып кетпек болуды ұйғарды. Бірақ абақтыдан ұзамай қолға түскен. Оған Ресейдің Қылмыстық кодексінің (бас бостандығынан айыру, қамауға алу немесе күзетпен ұстау орындарынан қашу) 313-бабы 3-тармағы бойынша айып тағылды. Алдымен Малик ұсталған соң, ол абақтыны басып алуға қатысып үлгермеді деп жазады Медиазона.

Гандалоев одан бұрын осы кодекстің үш бабы (террорлық ұйым құру, жарылғыш затты сатып, сақтау және заңсыз жолмен дайындау) бойынша сотталған.

Астрахан қаласындағы медициналық университетте оқыған 24 жастағы студент Гандалоев 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан бөлек судья оған 500 рубль айыппұл тағайындады.

Сондай-ақ оқыңыз