Қазақстанда жүргізуші куәліктері мен көлік нөмірлерінің бағалары өзгерді

Жарияланды 24 Шілде 2024 12:44

(жаңартылды 24 Шілде 2024 14:14)
post.authors.0.name

Құралай Құдайберген

Business News бөлімінің тілшісі q.qudaibergen@kursiv.media
Жүргізуші куәліктері мен көлік нөмірлерінің бағасы өзгерді / Фото: kursiv.media

Қазақстанның Ішкі істер министрі жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді және мемлекеттік нөмір белгілерін дайындау қызметтерінің жаңа бағаларын бекітті. Бұйрық 2024 жылғы 24 маусымда күшіне енді.

Жаңа бұйрыққа сәйкес, құжаттарды дайындау құны (ҚҚС-сыз):

– жүргізуші куәлігі – 4 367 теңге;

– көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – 2 250 теңге;

– мемлекеттік нөмірлік белгілері (жиынтық үшін) – 3 923 теңге;

– «ТРАНЗИТ» мемлекеттік нөмірлік белгілері – 126 теңге болды.

Сондай-ақ құжатта ішкі істер органдарына арналған құжаттарды дайындау жүйесін, процестерді есепке алу жұмыстарын автоматтандыру, бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу бойынша интеграцияланған дерекқор банкін жинақтау және жүргізу құны 747 563 358 теңге мөлшерінде белгіленген.

Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылы қазақстандық автонарық қалай өзгеретіні туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз