Тоқаев Өзбекстан президенті Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Тоқаев Мирзиёевті туған күнімен құттықтады / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Денис Андреев

Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы тілдесті.

Ақорда ақпаратына сүйенсек, әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тілеген.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық қатынастарын нығайтуға Шавкат Мирзиёевтің қосқан зор үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді», – делінген хабарламада.

Мемлекет басшылары екіжақты өзара ықпалдастықтың жоғары қарқынын атап өтіп, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты арттырудың перспективаларын талқылаған.

6 шілдеде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесіп, оны туған күнімен құттықтаған.

Шавкат Миромонович Мирзияев 1957 жылы 24 шілдеде Өзбек КСР, Жезақ облысының Заамин ауданында дүниеге келген. Оның саяси мансабы 1990 жылдары Жезақ аймағын басқаруға белсенді қатыса бастаған кезде басталған. 2016 жылдың желтоқсанында өткен Өзбекстан президенті сайлауында 88,61% дауыс жинап, президент болып сайланған. 2021 және 2023 жылғы сайлауларда да 80% көп дауыс жинап лауазымында қалған.

Сондай-ақ оқыңыз