Олимпиада-2024: Қазақстан спортшыларынан алғашқы сайысқа кімдер шығады?

Жарияланды 25 Шілде 2024 11:18

(жаңартылды 25 Шілде 2024 12:33)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

Олимпиада-2024: Сайысқа кімдер бірінші шығатыны белгілі болды / Фото: World Archery, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2024 жылғы Париж Олимпиадасы аясында алғашқы болып Қазақстанның садақ атудан ерлер құрамасының өкілдері сайысқа шығады деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

Министрліктің мәліметіне сүйінсек, садақ ату жарыс бағдарламасының бұл түрінде еліміздің намысын Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жанбырбай, Александр Еременко қорғайды.

25 шілдеде жеке жарыстар басталады. Спортшылар рейтингтік раундтан өтуі керек. Соның нәтижесінде олимпиадалық турнирдің одан әрі жүйесі қалыптасады. Плей-офф 30 шілдеде 1/32 финалдан басталады.

Садақшыларымыз Астана уақыты бойынша 17.15-те шығады. Ал ресми ашылу салтанаты 26 шілде күні Астана уақытымен 20:00 де басталады.

Олимпиадаға қатысатын Қазақстан делегациясына 900 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді

«Қазақстандық делегацияның қатысуына жұмсалған шығын көлемі қазір 896 млн 687 мың теңге. Мемлекеттік бюджеттен бөлінген бұл қаражатқа спорт нысандарын жалға алу, сақтандыру, қазақстандық делегацияның ұшуы, штаб мүшелерінің тұратын орны мен тамақтануы кіреді», – делінген хабарламада.

Париждегі Олимпиада ойындарына барлығы 209 қазақстандық барды:

  • спортшылар мен жаттықтырушылар – 149 адам
  • Туризм және спорт министрлігі – 5 адам;
  • Ұлттық Олимпиада комитеті – 10 адам;
  • Спортты дамыту басқармасы – 6 адам;
  • Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығының дәрігерлері, массажистері – 23 адам;

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Париж-2024 жазғы олимпиадасына спорттың 25 түрінен 92 лицензия жеңіп алды. Ел намысын қорғауға барлығы 80 спортшы аттанды.

Сондай-ақ оқыңыз