ҚНРДА тағы бір микроқаржы ұйымының лицензиясын тоқтатты

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
ҚНРДА тағы бір микроқаржы ұйымының лицензиясын тоқтатты / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Денис Андреев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Алматыдағы «Сәттілік Finance» микроқаржы ұйымының лицензиясын үш айға тоқтатты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

МҚҰ пруденциалды нормативтерді немесе басқа да міндетті талаптарды бұзғандықтан лицензия тоқтатылды. 

«Сәттілік Finance» жаңа микрокредиттер бере алмайды, сондай-ақ қарыз алушыға қатысты талаптарды өзгерте алмайды, жүктемені ұлғайтуға да құқығы жоқ.

Ұйым клиенттері өз қарыздарын одан әрі өтеп, міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершілікті жалғастыра береді.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша «Сәттілік Finance» МҚҰ активтер мөлшері бойынша елде тіркелген 227 микроқаржы ұйымының ішінен 162-ші орынды иеленді. 

«Сәттілік Finance» активтері 227,7 млн теңгені, кредиттік портфель – 93,7 млн теңгені, міндеттемелер – 82,8 млн теңгені, меншікті капитал – 144,9 млн теңгені, ал таза пайда – 8,5 млн теңгені құрады.

5 наурызда Мемлекеттік техникалық қызмет Zaimer.kz 2 миллионнан астам клиентінің жеке дерегін таратқанын хабарлады.

Осы факт бойынша дерекқор операторларына қатысты жоспардан тыс тексеріс өткен. Содан кейін микроқаржы ұйымына 2 млн теңгеге жуық айыппұл салынған.

Ізін ала Цифрлық даму министрлігі жеке дерегі таралып кеткен азаматтарды «Робокэш.кз» ұйымынан моральдық шығын өтеп алу үшін сотқа жүгінуге шақырды. Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне азаматтардан 5200-ден астам өтініш келіп түскен. Соның арасында микроқаржы ұйымынан моральдық шығын өндіру туралы да өтініш болған.

Сондай-ақ оқыңыз