Теміртаулық студенттер макулатураға арналған «ақылды қоқыс жәшігін» ойлап тапты
Теміртау жоғары политехникалық колледжінің студенттері макулатураға арналған интерактивті қоқыс контейнерін ойлап тапты. Ақылды контейнер қағаз көп қолданылатын кеңселер мен оқу орындарына арналған.
Колледж студенттері Дмитрий Шмидт пен Руслан Мұхаметғалиев ақылды контейнердің авторлары. Қос өнертапқыш интерактивті қоқыс жәшігін жасау үшін алты айға жуық уақыттарын арнаған.
Аталмыш құрылғы Arduino Mega бағдарламалық жасақтамасымен толтырылған ПВХ-дан жасалған және макулатураны өлшейтін құрылғысы бар. Қағазды немесе картонды жүктеме ұяшықтарды пайдалану арқылы жүзеге асады. Контейнерге жүктеу кезінде LCD дисплейінде смайлик пайда болады, содан кейін қоқыстың салмағы көрсетіледі. Контейнер жүктеме дәрежесін де бақылай алады.
«Біздің контейнер қағаз көп қолданылатын кеңселер мен оқу орындарына арналған. Макулатураны белсенді қайта өңдеу арқылы ағаштарды кесуді азайтқымыз келеді. Біздің жоба экологияны сақтауға бағытталған. Адамдар қоқысты сұрыптауды үйренуі керек. Құны бойынша бұл керемет қымбат емес – оны дайындауға шамамен 50 мың теңге кетеді. Болашақта біз контейнерді жетілдірмекшіміз», – деді жоба авторының бірі Дмитрий Шмидт.
Олар жобаны ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 студенттік кәсіпкерлік ұлттық кубогының жартылай финалында ұсынып отыр.
«Біздің контейнер тест режимінде колледжде сыналды. Болашақта біз экранды үлкейтеміз, оны Wi-Fi-ға қосуды жоспарлап отырмыз, сонда ол интернет арқылы жүктеме немесе бұзылу туралы ақпаратты жібереді. Біз сондай-ақ дизайнды сәл өзгерткіміз келеді», – деп бөлісті Руслан Мұхаметғалиев.
Айта кетсек, Қазақстанда бес жыл ішінде қалдықтардың көлемі 2,4 есеге артқан. Оның басым бөлігі, яғни 71%-ы тау-кен өнеркәсібіне тиесілі. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы Қазақстанда 3016 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны болған және олардың тек 21 %-ы ғана экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келеді. Биыл Қазақстанда 4,1 миллион тоннаға жуық коммуналдық қалдықтар түзілген, оның тек 24%-ы ғана қайта өңделеді.
Экология министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда жалпы құны 170 млрд теңгеден асатын 37 қоқыс өңдеу зауыты салынатынын мәлімдеген еді. Министрдің айтуынша, қазіргі таңда министрлік 45 жобаны пысықтаған.