«Самұрық-Энерго» өз акционеріне 20,6 млрд теңге дивиденд төледі

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
«Самұрық-Энерго» қанша дивиденд төлегені белгілі болды / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Самұрық-Энерго» өз акционеріне 2023 жыл үшін 20,6 млрд теңге дивиденд төледі. Компанияның жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры.

«2024 жылғы 24 шілдеде «СамұрықЭнерго» АҚ Жалғыз акционерге 20 565 903 358 (жиырма миллиард бес жүз алпыс бес миллион тоғыз жүз үш мың үш жүз елу сегіз) теңге 08 тиын 2023 жылға дивидендтер төледі»,- делінген компания хабарламасында.

«Самұрық-Энерго» құрылымына 23 компания кіреді. Компанияның негізгі активтері Павлодар, Түркістан, Алматы облысында және Алматы қаласында орналасқан. «Самұрық-Энерго» тобына «Богатырь Көмір», «Алматы электр станциялары», «Екібастұз ГРЭС-1» және ГРЭС-2 (акцияларының 50%), Балқаш ЖЭО, «Алматы Энергосбыт» және т.б. кіреді.

Компанияның аудиттелмеген есебіне сәйкес, бірінші тоқсанда 4,6 млрд теңге шығынға ұшырады. 2023 жылдың дәл осы кезеңінде компания 24,9 млрд теңге пайда тапқан.

Жақында ұйым жалпы сомасы 59,7 млрд теңгеге 635 500 қарапайым акцияны орналастырды. Қаражат «Самұрық-Қазынадан» еліміздің шығысындағы екі су электр станциясының: Шүлбі СЭС-і мен Өскемен СЭС-інің 100 пайыздық үлесін сатып алуға жұмсалды. Өскемен СЭС-інің сметалық құны сәйкесінше 36,2 және 23,5 млрд теңгені құрайды

«Самұрық-Энерго» жалпы активтері 2023 жылғы 31 желтоқсанда 662,5 млрд теңге болған. Ал 2024 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша көрсеткіш 657,1 млрд теңгеге дейін азайды.

Бұған дейін компания Қазақстандағы үш жылу-электр орталығының тең жартысына иелік ететініні белгілі болды. Олардың құрылысымен ресейлік компания айналысады.2023 жылдың 9 қарашасында Қазақстан мен Ресейдің Энергетика министрліктері осы жылу электр станцияларын салу туралы меморандумға қол қойды.

Жобаларды жүзеге асыру үшін 2023 жылдың 26 ​​желтоқсанында «Самұрық-Қазына» қоры мен ресейлік «ИНТЕР РАО Экспорт» серіктестігі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Жобаларды жүзеге асыруға уәкілетті ұйым ретінде Қазақстан тарапынан «Самұрық-Энерго» және Ресей тарапынан «ИНТЕР РАО Экспорт» компаниялары анықталды. Сәуір айының ортасында Энергетика министрлігі бірінші нысанның құрылысын биыл бастау жоспарланып отырғанын хабарлады. Өткен жылы Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр Көкшетауда құрылыс жұмыстары басталатынын хабарлаған болатын. Станцияның электр қуаты 240 МВт, жылу қуаты 520 Гкал/сағ болуы керек. Құрылыстың жалпы құны 239,4 млрд теңгені құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз