Еуроодақ Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен табыстан Украинаға 1,5 млрд еуро көмек жіберді

Жарияланды
Жапония Украина
Еуроодақ Украинаға РФ активтері есебінен 1,5 млрд еуро көмек жіберді/ kursiv.media

Еуроодақ алғаш рет Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен табысты Украинаға берді. Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Лейен өзінің X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында жұма күні 1,5 миллиард еуроны көмекті аударатынын хабарлады.

«Украина мен бүкіл Еуропаны өмір сүру үшін қауіпсіз жерге айналдырудан гөрі Кремльдің ақшасын пайдаланудан жақсы нышан жоқ», – деп жазды фон дер Лейен.

Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков Еуроодақ әрекетінің жауапсыз қалмайтынын айтып, сес көрсетті. Песков бұл үйымның заңзсы шешім қабылдап отырғанын айтты.

Еуропалық одақ Украинаға берілетін 50 млрд доллар несиенің заңды және қаржылық мүмкіндігіне қатысты АҚШ-тың күдігін сейілту үшін Ресей Орталық банкінің активтерін ұзағырақ мерзімге «бұғаттаудың» екі нұсқасын ұсынды. Бұл несие бұғатталған активтерден түскен пайда есебінен өтеледі. Жобаға сәйкес екі нұсқаның біріншісі – активтерді шектеусіз бұғаттау. Екінші нұсқа – шектеу мерзімін ұзартып отыру. Шектеу мерзімі 18, 24 немесе 36 айға ұзартылып отырады.

АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп жеңіске жеткен жағдайда Украинаға бірден көмектесуге уәде берді. Амеркиа Украинаға ленд-лиз арқылы 500 млрд долларға әскери көмек беруі мүмкін. 

«Трамп Украинаға Ресеймен соғыста жеңіске жету үшін қару-жарақ сатып алуға қанша қаражат қажет болса, сонша қарыз алуға рұқсат беруі мүмкін. Бұл Украинаға пайдалануға берілетін қару түрлеріне қатысты шектеулерді алып тастауға жол ашады», – деп АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Майк Помпео.

Сондай-ақ оқыңыз