Франция полициясы Олимпиада қарсаңында наразылық акциясына дайындалған 50 шақты адамды ұстады

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Парижде 50 радикал ұсталды/ фото The Guardian

Францияда Олимпиада ойындары қарсаңында теміржолдағы рейстерді тоқтатпақ болған солшыл радикалдар ұсталды деп жазды The Guardian басылымы.

26 шілде күні таңертең Парижді елдің батысымен, солтүстігімен және шығысымен байланыстыратын жоғары жылдамдықты TGV желілері – талшықты-оптикалық кабельдер өртенді. Бұл – бүкіл ел бойынша теміржол байланысының айтарлықтай үзілуіне және рейстердің тоқтатылуына әкелді. Осыған қарамастан, көлік министрі Патрис Вергрете 29 шілдеге дейін Францияның жоғары жылдамдықты теміржол желісіндегі барлық пойыз қалыпты жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.

Францияның ішкі істер министрі Жеральд Дарманин теміржолдағы диверсияға солшыл экстремистер кінәлі болуы мүмкін деп мәлімдеді.

«Бұл – солшылдардың әрекеті. Парижде диверсия жасауға немесе радикалды наразылық акцияларын өткізуге ниет білдірген 50-ге жуық адам қамауға алынды.
Біз олардың біреудің бұйрығы бойынша немесе өздері әрекет еткенін, бұл қозғалысқа тағы басқа адамдардың қатысы бар ма, соны анықтауымыз керек», – деді Жеральд Дарманин.

Францияның көлік министрі Вергретенің айтуынша, лаңкестік шабуылдардың залалы миллиондаған еуроны құрауы мүмкін және үкімет 8000 шақырымдық TGV желісін бақылауды күшейту үшін қомақты қаражат бөлді. Ол ұлттық теміржол тізбектеріне 1000 техникалық қызмет көрсету мамандары мен 250 теміржол қауіпсіздік қызметкерлері, сондай-ақ 50 дрон мен әскери тікұшақ патрульдері жұмылдырылғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, жазғы олимпиаданың ашылу салтанатынан кейінгі Оңтүстік Корея мен Әзербайжан Республикасы олимпиада комитетіне шағымданған еді. Париждің жазғы олимпиадасаның ашылуында диктор Оңтүстік Корея мемлекетінің атын атағанда қателік жіберді. Осы елдің делегациясын «Корей халық-демократиялық республикасының өкілдер» деп екі мәрте атаған.

Сондай-ақ оқыңыз