Атырау жылу электр орталығы маңындағы каналда балық қырылды. Балық шаруашылығы инспекциясы тексеруді бастады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ақтауда балық неге қырылды? / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2024 жылғы 29 шілдеде су айдындарының мониторингі барысында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Атырау ЖЭО-сының каналында балық қырылғанын анықтады. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы хабарлайды.

Басылым мәліметінше, канал Атырау ЖЭО-сына тиесілі. Ондағы су температурасы 39,5 градус цельсий, оттегінің мөлшері – 6 мл/дм3. Оған жылу электр орталығының қазандықтарын салқындататын су ағызылып, шабындық жерді суару үшін қолданылады.

Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы барлық мүдделі мемлекеттік органды хабардар еткен. Сондай-ақ балық өлген жерді тексеру үшін арнайы комиссия тағайындалды.

«Тексеру барысында көктемгі су тасқыны салдарынан Жайық өзені жағадан шығып, Соколок арнасына құйылды. Сондай-ақ, су тасқыны кезінде Соколок арнасының суымен бірге балықтар жылы арнаға аққан. Балықтарың қырылуына жылы каналдағы судың температурасының жоғарылауы себеп болуы ықтимал», – дейді инспекция.

Өлген балықтың жалпы салмағы-28,5 кг. Сондай-ақ, Атырау облысының экология департаменті зертханалық зерттеулер үшін су сынамаларын алды.

Атырау ЖЭО 1997 жылы жекешелендіру аясында «Энергопроект» жеке ЖШС-не берілді. Оның құрылтайшылары — Айдын Тасболатов пен Жандос Көпжасаров, ал бірінші басшысы – Нұркен Бекібосынов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Түпқараған ауданында 12 өлі итбалық ұшасын тапты.

Сондай-ақ оқыңыз