Париж-2024: 1 тамызда қазақстандық атлеттер қандай спорт түрінен сайысқа шығады?

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
1 тамыз Олимпиададағы жарысқа кімдер шығады / Фото: shutterstock.com

1 тамыз Париж Олимпиадасында қазақстандық атлеттер 5 спорт түрінен сайысқа шығады. Туризм және спорт министрлігі қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынды.

Бокстан шаршы алаңға Қазақстан құрамасынан үш спортшы шығады. Дзюдода жүлде үшін Нұрлыхан Шерхан бақ сынайды.

Ескерту: жарыс кестесі Астана уақытымен көрсетілген

Садақ ату, ерлер. 1/32 финал
12.43 – Дәулеткелді Жаңбырбай-Хорхе Энрикес

Дзюдо, 100 келіге дейін ерлер арасында
13.00 – Нұрлыхан Шархан

Оқ ату, 50 метр әйелдер арасында
15.00 – Арина Алтухова, Александра Ле

Бокс, 50 келіге дейін әйелдер арасында. 1/8 финал
18.30 – Назым Қызайбай-Каролин Барбоза Де Альмейда

Бокс, 92 келіге дейін ерлер арасында. 1/4 финал
20.54 – Айбек Оралбай-Лорен Альфонсо Домингес

Садақ ату, ерлер. 1/32 финал
21.19 – Александр Еременко-Баптист Аддис

Бокс, 63,5 килограмға дейін ерлер. 1/4 финал
00.36 (2 тамызға қараған түні)
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы-Лаша Гурули

Естеріңізге сала кетейік, Париж Олимпиадасының алғашқы жарыс күні Қазақстан қоржынына алтын түсті. Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов дзюдодан Олимпиада чемпионы атанды. Қазақ палуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті. Сондай-ақ тағы бір дзюдошымыз Ғұсман Қырғызбаев пен нысанаға көздеп атудан мергендеріміз Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қола жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ оқыңыз