Түркия «Хамасқа» қатысты ақпаратта «цензура жасағаны үшін» Instagram желісін бұғаттады
Түркияда Instagram желісі бұғатталып, әлеуметтік желіге мобильдік қосымшада да, компьютерде де кіру мүмкін болмай қалған деп хабарлайды Takvim басылымы.
Басылым мәліметінше, Түркиядағы наразылық толқынынан кейін, «ХАМАС» көшбасшысы Исмаил Ханияны өлтіргені жайлы жазбалар жүйелі түрде жойыла басталды. Осыған байланысты Түркияның байланыс басқармасының басшысы Фахреттин Алтун 31 шілдеде Instagram-ның әрекеттеріне наразылық білдіріп Х әлеуметтік желісінде мәлімдеме жасады.
«Instagram Хания туралы жазбаларды жүйеле түрде бұғаттап, оны «цензура әрекеті» деп бағалап отыр», – деді Алтун.
Сонымен қатар Түркияның әділет және даму партиясының өкілі Омер Арвас Instagram-дағы әрекеттерге қатысты пікірін білдірді.
«Бұл платформалар адамдар өз ойларын еркін жеткізе алатындай етіп жасалған, бірақ қазір олар террористік мемлекеттермен, террористік ұйымдармен және азғын құрылымдармен стратегиялық серіктестік құрып, ешқандай бақылаусыз ерікті цензураны қолданады»,- деді Арвас
Түркияның Ақпараттық технологиялар және байланыс басқармасы ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Әзірге бұғаттау қанша уақытқа созылатыны белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, Исмаил Хания 31 шілдеде Иранның жаңа президенті Масуд Пезешкянның инаугурация рәсіміне қатысуға келіп Тегеранда қайтыс болды. БАҚ зымыран ол түнеген үйге тигенін жазды. Хамас қозғалысы оның өліміне Израильді айыптап, оқиғаны теракт деп атады. Израиль билігі соққыға жауапкершілікті алудан бас тартты. Бұл жайт Палестина-Израиль қақтығысын қайта шиеленістіреді.
Сондай-ақ бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Израильге де басып кіре алатынын, оған ештеңе кедергі болмайтынын мәлімдеді.