Апта соңындағы сауда-саттықта мұнай бағасы күрт төмендеді

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Апта соңындағы сауда-саттықта мұнай бағасы күрт төмендеді / shutterstock

Апта соңындағы әлемдік тауар биржаларының сауда-саттығында мұнай бағасы күрт төмендеді. Бұған америкалық экономиканың әлсіреуі әсер еткен.

Интерфакс ақпаратына сүйенсек, нарыққа қысым түсіп, АҚШ экономикасы әлсіреуінің жаңа сигналдары әсер еткен.  

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent мұнай фьючерстерінің құны Астана уақытымен 19:25-те барреліне 77,06 долларды құраған. Бұл алдыңғы сессияның жабылуынан 2,46 долларға (3,09%) төмен.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) сауда-саттық кезінде WTI мұнай келісімшарттарының бағасы осы уақытқа дейін 2,69 долларға (3,53%), яғни барреліне 73,62 долларға дейін төмендеді.

АҚШ Еңбек министрлігінің мәліметті бойынша шілдеде елдегі жұмыссыздықтың 2021 жылдың қазан айынан бастап 4,3% дейін өскенін көрсетті. АҚШ экономикасындағы жұмыс орындарының өсу қарқыны бір ай бұрын 179 мыңнан 114 мыңға дейін баяулады.

1 тамызда АҚШ-тың өнеркәсіп секторындағы іскерлік белсенділік индексінің (ISM Manufacturing) 46,8 пунктен 48,5 пунктке бұрын төмендегені белгілі болды.

ОПЕК+ отырыс қорытындысы бойынша бейсенбі, 1 тамызда, өндірісті қысқарту көлемі бойынша уағдаластықтарды растады, сондай-ақ қажет болған жағдайда 2024 жылдың қазан айынан бастап өндірісті ұлғайтудан бас тартуға дайын екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның мұнай мен мұнай өнімдеріне салынатын кедендік баж салығын төмендеткені туралы жазған едік

Сондай-ақ оқыңыз