Калифорния орманындағы алапат өрт сөнбей жатыр: 4000-нан астам адам көшірілді
Калифорнияның Орталық аңғарында 6000-нан астам өрт сөндіруші ормандағы өртті сөндіріп жатыр. Өрт ауқымы бойынша штат тарихында төртінші оқиға болып есептеледі. Қауіпті аймақтан 4 мыңнан астам адам көшірілді.
Reuters шолуында ормандағы өрт 24 шілдеде Калифорния штатының Чико маңында басталғанын атап көрсеткен. Саябақтағы жалын 162 200 гектар аумаққа жайылған. Яки көлемі бойынша Лос-Анджелес қаласының аумағынан асып түсті. 560-тан астам үй мен құрылыс нысандары жанып кетті.
Калифорния орман шаруашылығы және өрттен қорғау департаментінің өкілі Кристофер Янг найзағай қауіп төндіріп тұрғанын айтқан. Қазіргі уақытта күн ыстығы 38 градус Цельсийге жеткен. Сағатына 25 мильге жеткен жел екпіні де өрт сөндірушілер жұмысын қиындата түсті.
3 тамыз, сенбі күнгі, жағдай бойынша өрттің 27 пайызы өшірілді. Бұған дейін күдікті ретінде 42 жастағы адам ұсталды. Бірақ ол кінәсін мойындамаған. Оны билік әзірше қамауда ұстап отыр.
Биыл қазақстандықтар кінәлі деп танылған атышулы оқиға болды. 21 маусымда кешке Грекияның Идра аралында 13 турист жалдамалы яхтада отшашу атқан. Салдарынан қарағайлы орман өртке оранған. Туристер өртті сөндіруге тырысып, кейіннен оқиға орнынан қашып кеткен. Арал мэрі Джоргос Кукулакис оларды сотқа беретінін айтты. Полиция туристерді ұстап, кейін грекиялық БАҚ олардың Қазақстанға қатысы бар азаматтар екенін жазған. Грекияның Гидра аралындағы орман өртіне қатысы бар деген күдікке ілінген қазақстандықтар оқиға кезінде яхтада футбол матчын тамашалап отырғаны белгілі болды.