Ғылым министрі Саясат Нұрбек: «Әлі де мыңдаған грант ұсынылуы мүмкін»

Жарияланды (жаңартылды )
Ғылым министрі әлі де мыңдаған грант ұсынылатынын айтты/ коллаж kursiv.media

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек грантқа ілікпей қалған, жоғары балл жинаған түлектер мен олардың ата-аналарын әлі де үміт үзбеуге шақырды. Министрдің мәліметі бойынша жоғары білім алуға гранттардың аз ғана бөлігі, яки 5112 грант зардап шеккен өңір түлектеріне бөлінген.

2024 жылы су басқан аймақтарда 20 мыңнан астам түлек бітірді. 10 мыңнан астам түлек жалпы конкурстан өтті. Конкурстан кейін Ғылым министрі Саясат Нұрбек көптеген ата-ана өзіне хабарласқанын жазды.

«Айтайын дегенім, үміт үзбеңіздер! Грант алу мүмкіндіктері әлі де бар! Биылғы конкурсқа қатысушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 11 мыңға көп, сондықтан бәсеке де өте жоғары болды. Су тасқынынан зардап шеккен аймақтар үшін квота қарастырылғанымен, сол аймақтардың талапкерлері жалпы конкурс бойынша грант ұтып алды. Грант алғандардың тек 1130-ы немесе 1,7%-ы мүмкіндікті пайдаланды. Бұл аймақтарды қолдау үшін талапкерлерге дайындалу және конкурсқа құжаттарын тапсыру үшін мерзімі кеңейтілді және конкурсқа ең жақсы ҰБТ нәтижесі бар сертификатын ұсыну мүмкіндігі берілді»,  – деді ведомство басшысы.

Жоғары балл жинаған 10 мыңнан астам адам грант ала алмады. Оның ішінде 7 мыңнан астамы шығармашылық мамандықтар бойынша құжат таспырды. Мысалы, дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау бойынша 1 орынға 11 адам, сән және дизайн бойынша 9 адам, ал стоматологияға 1 орынға 35 адамнан келді.

Министр мыңдаған грант иесін күтетінін хабарлады:

  • 3 мыңға дейін талапкер гранттан бас тартуы мүмкін, олар келесі жоғары балл жинаған талапкерлерге беріледі;
  • Жергілікті атқарушы органдардың яғни әкімдік гранттары бар;
  • KazEnergy қауымдастығының гранттарын қосыңыз;
  • Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де білім алу үшін Түркия Республикасының 500 гранты;
  • Жұмыс берушілердің гранттары. Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800 мақсатты грант ұсынады;
  • Қазақстан халқына қоры 850 грант бөледі;
  • Ректорладың гранты, мысалы Тұран-Астана университеті Алтын белгі иегерлеріне гранттар бөлуде.

«Сессия қорытындысы бойынша бос грант алу мүмкіндігі және бар. Грант ала алмаған түлектерді осы жоғарыдағы мүмкіндіктерді барынша пайдалануға шақырамыз», – деп жазды Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ оқыңыз