Freedom Bank талапкерлерге 400 грант бөлді: құжат тапсыру 13 тамызға дейін жалғасады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Freedom Bank талапкерлерге 400 грант бөлді / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Freedom Bank мектеп түлектеріне арнап Freedom Grants білім беру жобасын іске қосты. Жоба аясында талапкерлерге 400 грант бөлінді. 

Грантқа үміткер болу үшін 1-13 тамыз аралығында өтініш тапсырып, банк таңдаған университеттердің бірінің қабылдау комиссиясына ҰБТ сертификатын жіберу қажет.

Банк бағдарлама аясында 24 университеттің бірін таңдауға мүмкіндік береді. Олар әртүрлі өңірлерде орналасқан. Тізімде әр университетке қандай сала бойынша грант берілетіні жазылған.

Freedom Grants жеңімпаздарды оқытудың барлық кезеңіндегі білім беру ақысын өтейді. Бастысы GPA жоғары болуы және университеттің ішкі ережелерін сақтау қажет.

Бұдан бөлек, гранттан үмітті түлектер 14-18 тамыз аралығында Freedom Bank- тің Instagram-дағы парақшасын @bankffin.kz белгілей отырып, #FreedomGrants хэштегімен пост немесе рилс жариялауы қажет. 

«Жазбада өзіңіз туралы айтып, оқығыңыз келетін университетті атауыңыз керек, неге осы мамандықты таңдағаныңызды және өз аймағыңызды қалай жақсартқыңыз келетінін түсіндіруіңіз керек», – делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.

21 тамызда банктің @bankffin.kz ресми парақшасында тікелей эфирде кездейсоқ сандарды таңдау әдісімен Freedom Grants иелерін анықталады.

Бұдан бөлек, туризм және мейрамхана мамандықтары бойынша білім алғысы келетін түлектер үшін Түркістан қаласында орналасқан Халықаралық туризм және меймандостық университеті 800 атаулы грант ұсынады. Талапкерлердің міндетті түрде бейіндік пәндері «География – Шет тілі» болуы қажет. ҰБТ-ның жалпы балы 65-тен жоғары («Қазақстан тарихы» және бейіндік пәндер кемінде 5 балл, «Оқу сауаттылығы» және «Математикалық сауаттылық» кемінде 3 балл) болу керек. Атаулы грантқа құжаттар қабылдау 18 тамызға дейін жалғасады.

3 тамызда қазақстандық абитуриенттер үшін жоғарғы оқу орындарына арналған мемлекеттік гранттар тізімі жария болған.

Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін барлығы 78 219 грант бөлінді. Оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары қатарынан Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға 3903 грант бөлінді.

Сондай-ақ оқыңыз