Орталық депозитарий ресейлік қаржы құралдарын есепке алу үшін Ресейдегі банктерден есепшот ашпақ

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media архиві

«Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» ресейлік қаржы құралдарынесепке алу үшін ресейлік «Ситибанк», «Райффайзенбанк» пен «ЮниКредит Банкте» номиналды ұстаушының шотын ашуды жоспарлап отыр. Бұл үш банк халықаралық қаржы топтары: америкалық Citigroup, аустриялық Raiffeisen Bank International және итальялық UniCredit-тің еншілес ұйымдары.

Сонымен қатар Ресей депозитарийлері: «Специализированный депозитарий «Инфинитум» АҚ, «Солид» инвестқорында есепшот ашылмақ.

Бұл шешімді өткен аптаның басында Орталық депозитарийдің директорлар кеңесі қабылдаған.

12 маусымда АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Мәскеу биржасын (MOEX брендімен жұмыс істейді) SDN тізіміне енгізді. Бұл оның америкалық банктер мен депозитарийлердегі шоттары бұғатталатынын, сондай-ақ АҚШ азаматтары мен тұрғындары үшін ынтымақтастыққа тыйым салынатынын білдіреді.

АҚШ Қаржы министрлігінің санкциялық шектеулері 13 тамызда күшіне енеді делінген еді. Сол кезде Орталы депозитарий брокерлер мен басқарушы компанияларға KCSD-дағы ресейлік қағаздарды алып кетуді ұсынды.

Депозитарий RU (халықаралық бағалы қағаздың сәйкестендіру коды) кодтары бар ISIN бағалы қағаздары туралы айтып отырғанын атап өтті. Бұл бағалы қағаздардың соңғы есебі ресейлік депозитарийде жүзеге асырылғанымен, қазақстандық депозитарий номиналды ұстаушы болып келген. Брокерлер 10 тамызға дейін депозитарий ескертулерін орындауы қажет болған.

Алайда 2 тамызда АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Мәскеу биржасы және оның еншілес ұйымдары – Ұлттық клирингтік орталық (NCC) және Ұлттық есеп айырысу депозитарийімен (NSD) операцияларды қысқарту лицензиясын 12 қазанға дейін ұзартқан.

Енді Орталық депозитарий ресейлік банктерден есепшот алуға шешім қабылдаған. Бұл ресейлік бағалы қағаздарды есепке алу үшін қажет.

Сондай-ақ оқыңыз