Қазақстанда 2024-2025 оқу жылындағы алғашқы қоңырау жексенбі күні соғылады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
General News бөлімінің тілшісі
1 қыркүйек жексенбіге түскенімен, алғашқы қоңырау мерекесі ауыспайды/ Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

1 қыркүйек жексенбіге түскенімен, бұл күндегі алғашқы қоңырау мерекесі ауыспайды. 2024-2025 оқу жылындағы алғашқы қоңырау жексенбі күні соғылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында айтты.

«Білім күні жыл сайын дәстүрлі түрде 1 қыркүйек күні аталып өтеді, бұрынғы жылдары да демалыс күндеріне түскенімен ауыспаған. Сондықтан білім күні жексенбіге түсетініне қарамастан, 1 қыркүйек күні Қазақстанның барлық мектебінде салтанатты сап түзеу жиыны өтеді», – деді министр.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, 1 қыркүйектен бастап 7,9 мың білім ұйымында 3,9 млн бала білім алады, оның 360 мыңы – бірінші сынып оқушылары.

Жаңа оқу жылы 2024 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2025 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі 500 мыңнан астам баланы мектепке дайындау үшін ата-аналарға 43 307 теңгеден таратып беретіні туралы жазған едік. 2024 жылы «Жалпыға бірдей білім беру» қоры 500 мыңнан астам балаға көмек көрсетеді. Олардың қатарында АӘК алатын отбасылардағы мектеп оқушылары мен жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары, сондай-ақ жетім балалар мен төтенше жағдайға тап болған отбасылардың балалары бар.

Сондай-ақ оқыңыз