Лимфомаға қарсы дәрі әзірлеген компания онкология бағытындағы жеке бизнесін бөлгелі жатыр

Жарияланды
Біріккен компанияның атауы Citius Oncology деп өзгертіледі / shutterstock.

Қан, лимфома және геморрой инфекцияларына қарсы дәрі-дәрмектерді әзірлейтін Citius Pharmaceuticals онкологиялық ауруларды емдеу бизнесін NASDAQ тізіміне енген жеке компанияға бөліп бермек. Дүйсенбі, 5 тамыз күні аталған жаңалықтан кейін Citius Pharma-ның бағасы әлемдік қор нарықтарындағы жаппай сатылымға қарамастан, шамамен 3%-ға өсті.

Толығырақ

Капиталы шамамен 168,5 миллион долларға тең Citius Pharma онкологиялық ауруларды емдеуге бағытталған бизнесін SPAC-тың биржаға IPO-сыз шығу үшін құрылған әрі NASDAQ-та тіркелген TenX Keane Acquisition компаниясымен біріктіреді. Мәмілені SPAC компаниясының акционерлері мақұлдап, бірігуге келісім берді деп хабарлады 5 тамызда Citius Pharma.

Біріккен компанияның атауы Citius Oncology деп өзгертіліп, NASDAQ-тағы сауданы жалғастырады. Citius Oncology Citius Pharma онкологиялық активтерін, атап айтқанда, оның лимфоманы емдеуге арналған LYMPHIR препаратын алады. Бұл препарат қазір FDA салалық реттеушісінің қарауында. Citius Pharma егер мақұлданса, оның сатылымы 2024 жылы басталады деп хабарлаған-ды осыған дейін.

Сонымен қатар мәміле Citius Oncology-ге «қосымша мүмкіндіктерді зерттеуге» жол ашады делінген хабарламада. «Біз алдағы апталарда мәміленің аяқталуын, қатерлі ісік активінің босатылуын және құнының өскенін асыға күтеміз», – дейді Citius Pharma бас директоры Леонард Мазур. Жаңа компания Citius Pharma акциясының шамамен 90%-ын алмақ.

Инвесторлар бұған қалай қарайды?

Citius Pharma бағасы NASDAQ-та 5 тамыз күні 2,86%-ға өсіп, 0,9 долларға жетті. Жыл басынан бері компанияның акциялары 23%-ға қымбаттады.

MarketWatch мәліметтері бойынша, компанияның қызметін екі сарапшы бақылайды. Олар акцияларды сатып алуды ұсынып отыр, ортақ баға – 4,67 доллар. Бұл акция бағасы қазіргі деңгейден 400%-ға жуық өседі дегенді білдіреді.

Citius Pharma немен айналысады?

Citius Pharma қарқынды терапияға арналған дәрі-дәрмектерді әзірлейді. Лимфомаға арналған LYMPHIR-ден бөлек, оның портфелінде Mino-Lok деген препарат та бар. Қан ағымының катетерлік инфекцияларын емдеуге арналған бұл антибиотик клиникалық сынақтардың үшінші кезеңін аяқтады. «Қазір нарықта мақұлданған немесе зерттелген аналогтар жоқ», – деді Мазур. Ендігі жұмыс – FDA салалық реттеушісіне препаратты мақұлдау туралы өтінім беру. Шілде айында Citius Pharma егер бәрі жоспарға сай өтсе, бұл қадам компанияның активтерін 2024 жылдың екінші жартысында-ақ айтарлықтай өзгертеді әрі оған күшті серпін береді деп хабарлады. Үшінші препарат геморройды жеңілдетуге арналған. Ол әлі әзірленіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз