«Теңізшевройл» 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында мұнай өндіруді 3% қысқартты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
ТШО 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында 14,4 млн тонна шикізат өндірді / Коллаж: kursiv.media (tengizchevroil.com и shutterstock)

Атырау облысындағы «Теңіз» және «Королевское» кен орнын игеретін «Теңізшевройл»  ЖШС 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында 14,4 млн тонна (114,6 млн баррель) мұнай өндірді деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

2023 жылдың сәйкес кезеңінде көрсеткіш 14,9 млн тоннаны (118,9 млн баррель) құрады. Осылайша, көрсеткіш 3%-ға төмендеді.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында ТШО 669 мың тонна сұйытылған газ (өсім 5,5%) және 1,4 млн тоннадан астам күкірт (2023 жылдың бірінші жартыжылдығы деңгейінде) сатты.

Сондай-ақ есепті кезеңде ТШО Қазақстанның газ құбыры желісіне 575 млн текше метрден астам құрғақ газ өндіріп, жеткізгенін (өсім 22,6%) хабарлады.

«Теңіз» мұнай-газ кен орны – Қазақстандағы ең ірі кен орындарының бірі. Оның мұнай қоры 3,1 млрд тоннаны құрайды. Атырау облысында орналасқан.

«Теңізшевройл» ЖШС қатысушылары: «Chevron» (50%), ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%), «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы арқылы Қазақстан (20%), ЛУКОЙЛ (5%).

Бұған дейін Қазақстан экономикасындағы мұнай-газ секторының үлесі бір жылда 3,3%-ға төмендеген еді.

Еске сала кетсек, ТШО мердігерлерге қойылатын талапты жеңілдетті. Енді қазақстандық жеткізушілер екінші деңгейлі банктер берген кепілдіктерді пайдалана алады. Осы уақытқа дейін ТШО-мен жасалған келісімшарттардың шарттарына қарамастан, бүкіл мердігерлер несие рейтингі «А» деңгейінен төмен емес банктерден кепілдік алуға міндетті еді.

Сондай-ақ оқыңыз