Қазақстанның 20 қаласында 918 5G станциясы іске қосылды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстанның 20 қаласында 918 5G станциясы іске қосылды / фото: kursiv.media

Қазақстанның 20 қаласында 918 5G станциясы іске қосылды деп хабарлайды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, 1200-ден астам ауыл интернет қызметтеріне қосылды. Сонымен қатар 20 мың км-ден астам жаңа талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылды, 3700 мемлекеттік орган мен мекеме кеңжолақты интернетке қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 5G радиожиіліктерін беру уақытша тоқтатылатыны туралы жазған едік. Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алдағы бес жылға арналған радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарының жобасын Ашық НҚА жүйесінде жариялады.

«Құжатта ұялы, жерүсті және ғарыштық байланыс түрлері үшін, сондай-ақ телерадио хабар тарату және басқа да құрылғылар үшін жиіліктер көрсетілген. Жаңа технологияларды іске қоспас бұрын оларды қорғаныс министрлігімен келісу қажет. Бұл жоспар Қазақстанда радиожиіліктерді тиімдірек пайдалануға көмектеседі», – деп түсіндірді ведомство.

Сондай-ақ оқыңыз