Бұрынғы энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Kazenergy қауымдастығының бас директоры болып тағайындалды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Жандос Нұрмағанбетов Kazenergy қауымдастығы бас директоры болды / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Бұрынғы энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Kazenergy мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы қауымдастықтың баспасөз қызметі хабарлады.

Ол бұл қызметке Әлібек Қуантыровтың орнына келді. Қуантыров қауымдастықты 2024 жылдың сәуір-шілде айларында басқарған. Жақында экс-министр Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Оған дейін Кенжебек Ибрашев қауымдастықтың бас директоры болып үш жыл жұмыс істеген.

Жаңа бас директорды қауымдастық төрағасы Мағзұм Мырзағалиев таныстырған. Нұрмағанбетов әр жылдары «KEGOC» АҚ-да және өңірлік энергетика компанияларында жұмыс істеген. 2021-2023 жылдары Энергетика вице-министрі қызметін атқарды.

Вице-министр кезінде электр энергетика саласына жетекшілік етті. Ол 2023 жылдың желтоқсанында Екібастұз, Теміртау, Балқаш, Риддер қалалардағы электр станцияларындағы бірқатар апаттан кейін қызметінен кеткен.

2023 жылы Тимур Құлыбаев Kazenergy қауымдастығы төрағасының қызметінен кеткен болатын. Ол бұл қызметті 2005 жылдың қарашасынан (18 жыл) атқарып келген еді. Жаңа төраға болып «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев сайланған. Бұған дейін KAZENERGY елдегі электр қуаты тапшылығын мұнай-газ компанияларының көмегімен шешуді ұсынған.

Сондай-ақ оқыңыз