Ескерту! Алаяқтар енді жаңа әлеуметтік төлем тағайындалатынын айтып алдауға кірісті

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсініктеме берді / Архив: kursiv.media

Алаяқтар енді жаңа әлеуметтік төлем тағайындалатынын айтып алдауға кірісті. Олар қазақстандықтарға жаңа төлемді қалай алуға болатынын айтып, хабарландыру таратуда. Тіпті оны құзырлы ведомство – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іске қосқанын жеткізді.

«Қазақстанда жаңа арнайы әлеуметтік төлем іске қосылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Әрбір азаматтың 140 000 теңгеден бастап бір реттік төлем алуға құқығы бар. Сіз мұны ЖСН бойынша ресми веб-сайт арқылы тексере аласыз», – деп жазылған хабарландыруда.

Алайда бұл ақпаратты министрлік жоққа шығарып, ЖСН сынды жеке деректерді мұндай сайттарға енгізбеуді сұрады. Хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін.

«Қазақстанда барлық азаматтқа 140 мың теңгеден басталатын жаңа арнайы әлеуметтік төлем пайда болғаны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Белгісіз адамдар төлемді тексеру үшін сілтемеге өтуді ұсынады. Төлемнің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз», – деп түсініктеме берді министрлік.

Ал тисті әлеуметтік төлем туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірі немесе СМС-хабарлама арқылы таратылады.

«Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз», – деп ескертті ведомство.

Бұған дейін Астана полицейлері Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын хабарлады. Алаяқтар кез келген қазақстандықпен бар болғаны үш секунд бейнеқоңыраумен сөйлесcе, аляқтар олардың атынан несие рәсімдеп үлгере алады.

Қазақстан Ұлттық Банкі жасанды интеллектіні қолданушы алаяқтардың көбейіп келе жатқанын ескертті. Енді олар өз «құрбанының» туысы, жақын адамы немесе танымал медиа-тұлғаның дауысын салып, хабарласып жүр.

Сондай-ақ оқыңыз