Олимпиада комитеті 9 тамыз күні Парижде қазақстандық спортшылардың қатысуымен өтетін олимпиадалық іс-шаралар кестесін жариялады.
9 тамыз күні мынадай ойындар өткізілмек:
- 12.00 таеквондо – Төлеуғали Батырхан
- 14.00 еркін күрес Батырмұрзаев Юсуп
- 15.40 байдарка мен каноэде есу – Бровкова Мария, Искакова Руфина.
- 16.00 қазіргі бессайыс – Георгий Борода-Дудочкин.
- 17.30 қазіргі бессайыс – Елена Потапенко.
- 23.57 жеңіл атлетика – Джепкемей Дейзи
Бұл ойындарды қазақстандықтар Qazaqstan, Qazsport, Хабар, Ел арна және JibekJoly телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Айта кетсек, 7 тамыз күнгі сайысты Қазақстан нәтижелі аяқтады. Бұл күні бокстан Қазақстан командасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс медалін иеленді.
Сонымен бірге Демеу Жадыраев грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.