Дауыл мен бұршақтың салдарынан Air Astana рейстері кешігеді
Астанада болған дауыл мен бұршақтың салдарынан Air Astana әуе компаниясының кейбір рейстері кешігуі мүмкін. Бұл туралы әуе компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта әуе компания бұршақтың салдарынан төрт ұшақтың зақымдалғанын анықтады. Әуе компания инженерлері қажетті тексеру және жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жөндеу жұмыстары бірнеше күннен кейін аяқталады. Жолаушыларымыздан әуежайға жол тартпас бұрын рейс статусын әуе компания сайтында тексерулерін сұраймыз, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана әуежайында бір айда үш ұшақ зақымданған еді. 8 тамызда Air Astana әуе кемесі Астана-Атырау бағыты бойынша КС 983 рейсін орындауға жоспарланған ұшақ қатты жел кезінде елордалық әуежайда контейнердің соққысынан зақымданған.