Қазақстанның табиғи қорықтарында қызмет көрсету тарифі өзгереді

Жарияланды (жаңартылды )
Қазақстанның ерекше қорғалатын аймақтарына кіру құны өзгереді / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Денис Андреев

Экология және табиғи ресурстар министрлігі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұсынатын қызметтер үшін тарифтерді өзгертеді. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталына орналастырылды.

Өзгерген тарифтерге сәйкес, «Алматы мемлекеттік табиғи қорығына» кіретін адамдардан 1200 теңге төлем алынады. Ал шетел азаматтары 1550 теңге төлеуі керек.

Мотоцикл, мопед, квадроциклдер кіргені үшін 0,4 АЕК, жеңіл автомобильдер кірген үшін 0,7 АЕК көлемінде төлейді. Автобустарға орын санына байланысты 2,5 АЕК-тен 7 АЕК-ке дейін төлемақы есептелген.

Ал кейбір ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жылына 1 гектарға шаққанда құбыр тарту, электр және байланыс желілерін орналастыру, жолдар салу жөнінде қызметтерге төлемақы 366 мың көліменде бекітілген. Туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда жеке және заңды тұлғалармен жасалатын бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша қызмет көрсету келісімшарт негізінде жүзеге асады.

Ал егер табиғи және мәдени мұра объектілеріне, табиғат мұражайларына және жанды мүйістерге бару және зерделеу кезінде кино, бейне және фототүсірілімдер, аэротүсірілімдер жүргізу қызметі 15-55 мың теңге аралығында бағаланған.

Министрлік елдегі 28 қорық бойынша тарифтерді өзгертпек. Ол қорықтар тізімі мынадай:

  • «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Батыс Алтай» мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Қорғалжын» мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Марқакөл» мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  • «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Бұл қорықтардың қызметін пайдаланатын зейнеткерлерден, мүгедектігі бар адамдардан, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінен, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінен, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерден, еңбек ардагерлерінен, мектеп жасына дейінгі балалардан төлемақы алынбайды.

Еске сала кетсек, бір жыл бұрын Шымкенттегі хайуанаттар бағы мен дендропарк табиғи қорық құрамына енді.

«Курсив» Sozak Oil and Gas компаниясы «Аса», «Кендір», «Орталық», «Оппақ», «Тамғалытар» және «Придорожное Южное» атты мемлекеттік қорықта газ өндіруге рұқсат алуды көздеп отырғаны жайлы жазған. 

Сондай-ақ оқыңыз