Қазақтандық кәсіпкер, Ыстықкөлдегі «Симирам» демалыс орталығының иесі Ясынжан Таировқа мемлекетаралық іздеу жарияланды
Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Камчы Колбаев лақап аты Асанбек бастаған қылмыстық топты қаржыландыру фактісі бойынша қазақ кәсіпкері, «Симирам» демалыс орталығының иесі – Таиров Ясынжан Ниязұлы азаматына іздеу жарияланды деп хабарлайды.
Комитеттің мәліметінше, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактісі, сондай-ақ тіркелген сотқа дейінгі іс жүргізу материалдары бойынша қазақстандық кәсіпкер Таиров Ясынжан халықаралық қылмыстық топқа кірген Қ. Асанбектің «вор в законе» деп аталатын қылмыстық топты қаржыландырғаны анықталды.
Я. Таировтың Қ. Асанбектің қылмыстық тобын қаржыландыру мақсатында оған 200 мың АҚШ доллары сомасында ақша бергені анықталды.
Сондай-ақ Ыстықкөлдегі «Симирам» демалыс орталығының иесі бос уақыттары мен демалыстарын ұйымдастыру үшін қылмыстық топ өкілдеріне коттедждер мен бөлмелер ұсынған.
Ясынжан Таировқа қатысты жиналған материалдар негізінде Бішкек қаласының Октябрь аудандық соты қамауға алу туралы қаулысын шығарды, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін мемлекетаралық және «Интерпол» ұлттық бюро орталығының желісі бойынша іздеу жарияланды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергеннің ағасы Дархан Өмірәлиев Бішкекте ұсталған. Оны Қырғызстан ішкі істер министрлігі жеңілдетілген рәсімдермен Қазақстанға өз еркімен оралуға дайын екенін хабарлаған.
Алматы прокуратурасының бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері Өмірәлиевті Алматыға жеткізді. Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.